Accessibility links

Ирақта АҚШ әскерилеріне тасадан шабуыл жасау әрі қарай жалғасуда.


БАҒДАД: Ирақ астанасында 1 АҚШ жауынгері ауыр жараланды. Жергілікті университеттің территориясын күзетіп жүрген ол жауынгерге тасадан оқ жаудырылды. Жексенбі күні, сондай-ақ, Абу-Сада-ас-Саһра қаласында орналасқан АҚШ әскерінің шебі гранататқыштан атқыланып, тағы бір жауынгер жараланды. Оның қарсаңында елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында халықаралық миграция ұйымының бөлімшесіне шабуыл жасалды. Одан жергілікті күзетші жапа шекті. Сенбі күні Бағдадта өлтірілген британ журналисінің аты-жөні анықталды. Ұлттық мұражай маңайында жүрген журналист Р.Уайлдты белгісіз атып өлтірген болатын. Соңғы кезде марқұм болған журналист Ирақтың талан-таражға салынған мәдени құндылықтары туралы айғақ-дерек жинап жүрген көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG