Accessibility links

Палестинадағы экстремистік “Хамас” тобы Израиль үкіметінің 350 палестиндікті түрмеден босатуын қанағаттанбай отыр.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестинадағы экстремистік “Хамас” тобы тұтқында отырған 350 палестиндікті босату жөніндегі Израиль шешімін түкке тұрмайтын шегініс деп есептейді. Жексенбі күні “Хамас” тобының ресми өкілі мәлімдегендей, ол шешім - тұтқында отырған барлық палестиндікті босатудағы бірінші қадам ретінде ғана қарастырылады. Палестин жағының дерегі бойынша, Израиль түрмелерінде 6 мыңнан 8 мыңға жуық палестиндік отыр. Палестин азаматтарының үлкен тобын босату туралы шешім Израиль үкіметінің жексенбілік мәжілісінде басым дауыспен - 13 дауыс қолдап, 8 дауыс қарсы болып қабылданды. Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, бұл шешім - Израиль мен Палестина аутономиясының премьер-министрлері А.Шарон мен М.Аббастың алдағы сейсенбіге белгіленген кездесуі қарсаңындағы қайырымдылық шарасы болып табылады. Одан бұрын Тель-Авив түрмелерден 50-ден аса палестиндікті, оның ішінде – Палестина аутономиясының қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазысмды өкілін босатты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG