Accessibility links

Иран өзінің ядролық нысандарын халықаралық тексеруге беруге әзірше дайын еместігін мәлімдеуде.


ТЕҺРАН: Иран өзінің ядролық нысандарын халықаралық тексеруге беруге әзірше дайын еместігін мәлімдеуде. Жексенбі күні Иран үкіметінің өкілі “ол мәселені шешуі үшін Теһранға қосымша уақыт керек болады” деп хабарлады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық Агенттік – МАГАТЭ сенбі күні Теһранды өзін ядролық қаруға ие болғысы келеді деп айыптап, өзінің ядролық нысандарына халықаралық тексерушілерді жіберуін талап етіп отырған АҚШ-тың тексеру жүргізуіне рұқсат беруге шақырды. Өз кезегінде Иран, алдыңғы қатарлы ядролық мемлекеттер өзінің ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға көмек берген жағдайда, ондай тексеруге қарсы еместігін мәлімдеуде.
XS
SM
MD
LG