Accessibility links

3 жылдан аса азамат соғысы жүріп жатқан Либерияның президенті Ч.Тэйлор – биліктен бас тартып Нигерияға кетуге дайын.


МОНРОВИЯ: Либерия президенті Чарльз Тэйлор елді тастап, Нигерияға кетуге дайынмын деп мәлімдеуде. Жексенбі күні Либерия астанасы Монровияға келген Нигерия президенті Олусегун Обасанджо Ч.Тэйлорға ресми түрде саяси баспана беретінін хабарлады. АҚШ президенті Джордж Буш пен басқа да саясаткерлер талай рет Ч.Тэйлорды биліктен бас тартуға шақырған болатын. АҚШ-тың 30-ға жуық әскери сарапшысы елдегі саяси ахуалды бағалау мақсатында Либерияға келмекші. Көпшіліктің ортақ пікірінше, елдегі елдегі азаматтық соғысқа ең басты айыпты болып табылатын Ч.Тэйлордың өзі одан бұрын Либерияға АҚШ-тың бітімгершілік күштері келмей, билік кетпейтінін мәлімдеумен келді. Осыған дейін болған сансыз шерулерде Либерияның мыңдаған халқы АҚШ-ты елге бітімгершілік күштерін ертерек жіберіп, 3 жылдан аса уақыт жалғасып келе жатқан азаматтық соғысты тоқтатуға шықырды.
XS
SM
MD
LG