Accessibility links

Өткен түнде Рамади қаласында АҚШ әскерінің шебі минаатқыштан атқыланды, жараланғандар бар...


БАҒДАД: Ирақ астанасынан батысқа қарай орын тепкен Рамади қаласында өткен түнде АҚШ әскерінің шебі минаатқыштардан атқыланды. Қатар араб елінің әл-Джазира телеарнасы қатты жарылыстар болғанын хабарлайды. АҚШ әскерінің Бағдадтағы өкілінің хабарлауына сәйкес, жараланғандар бар, бірақ олардың саны белгісіз. Өткен сенбі күні Рамади қаласында АҚШ-тың Ирақтағы уақытша әкімшілігі жасақтап жатқан тәртіп сақтау күштері құрамындағы 7 полицей атып өлтірілген болатын. Жексенбі күні Бағдадтағы университет территориясын күзетіп жүрген АҚШ жауынгері оққа тап болды.
XS
SM
MD
LG