Accessibility links

ВИЧ/СПИД-тің Қазақстанда эпидемияға ұласуы

  • Алма СЕРİКҚАЛИ

Хабарда ВИЧ/СПИД ауруының Қазақстанда эпидемияға ұласуына байланысты Республикалық СПИД-пен күрес орталығының бас директор орынбасары Бекзатов Куаныш Нұрмаханұлымен сұхбат жүргізілген.

Жер бетіндегі адамзатқа айықпас дерт болып жабысқан ВИЧ инфекциясына бүгінде 60 миллион адам шалдықса, олардың 20 миллионы ғасыр індетінен көз жұмған. Жыл сайын қаншама адамды қыршынан қиып жатқан СПИД вирусы ТМД елдеріне де айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. ВИЧ инфекциясы таралымы жағынан Ресей, Украина, Белоруссиядан кейін 4-ші орында келе жатқан Қазақстанда ғасыр індеті Қарағанды облысының аумағынан шығып, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарын шарпи бастады. Қазақстанда бұл індетке шалдыққандардың ресми саны 3139-ға жетіп жығылады. Ал сарапшылардың мәліметі бойынша Қазақстанда 25 мың ВИЧ инфекциясын тасымалдаушылар бар. Оның 76-сы СПИД пен аурса, 63-і о, дүниелік болып кеткен. ТМД мемлекеттер арасында ВИЧ инфекциясын таратушылар нашақорлар, ерлер мен ерлер арсында жыныстық қатынасқа барушылар және жезөкшелер болып отыр. Қазақстанда эпидемияға ұласқан ВИЧ/СПИД вирусы мамандарды қатты алаңда бастады. Осыған байланысты ВИЧ/СПИД вируын алдын - алуда жұмыс жасап келе жатқан Республикалық СПИД-пен күрес орталығының бас директор орынбасары Бекзатов Қуаныш Нұрмаханұлын әңгімеге тартқан едік.

Ғасыр індетіне шалдыққандарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар. Оларда аурудың клиникалары білінбейді. Бұл адамдар өздерінің денсаулығын күткеніне қарай 5 жылдан 10 жылға дейін өмір сүре алады. Ал, СПИД кезінде аурудың клиникалары айқын көрініп, дерт асқынып кетеді де, мұндай науқастар көп ұзамай қайтыс болады. Алайда, Қазақстанда ВИЧ/СПИД ауруы эпидемияға ұласқан шақта оларды емдейтін арнайы емдеу мекемелері де жоқ. Олар халықпен қатар жалпы бірдей ауруханаларда емделеді. Мұндай науқастарды тек бөлек ұстайды.

Мамандардың айтуынша бір ВИЧ/ СПИД вирусын жұқтырғандарды емдеу үшін мемлекеттік бюджеттен аз ақша бөлініп отырған жоқ. Себебі, бір науқаты емдеу үшін 10-11 мың АҚШ доллары қажет екен.

1994 жылы қабылдаған “СПИД-тің алдын алу туралы” Заңда ғасыр індетін жұқтырған балаларға жәрдемақы беру қарастырылған болатын. Бірақ, Қазақстандағы экономикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы Жарлығына байланысты ВИЧ/СПИД-ті жұқтырған балаларға төленіп келген жәрдемақы тоқтатылып тасталған еді. Ал, Қуаныш Нұрмаханұлы қазіргі таңда мамандар бұл мәселені қайта көтеріп отырғандығын айтады.

Республикалық СПИД-пен күрес орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 75 жүкті әйелдің 30-ы босаныпты. Ал, қалғаны түсік жасатқан. Дүниеге келген сәбилердің біреуі ғана шетінеп кеткен. Сондай-ақ мамандардың айтуынша СПИД вирусын тасымалдаушы әйелден дүниеге келген баланың бұл ауруды жұқтырып-жұқтырмағандығын тек 2 жасқа толғанда ғана анықтауға болады. Ал, бүгінде мұндай анадан дүниеге келген нәрестелердің алды, 6 жасқа толып отыр.

Бейресми ақпарат көздеріне қарағанда Алматыда 25 мыңға жуық жеңіл жүрісті қыздар бар екен. Қалалық тері венерологиялық диспансерінің мәліметтері бойынша ,жезөкшерлерді тегін дәрігерлік тексеруден өткізуде түнгі көбелектердің 87 процентінен жыныстық қатынас арқылы тарайтын жұқпалы аурулар табылған. Оған қоса жезөкшелердің 50 проценті нашақор болып шыққан. Сондай-ақ, Қазақстанда жезөкшелердің арасында СПИД вирусының табылуы, қатерлі дерттің халық арасында таралу қаупін тудырып отыр. Өйткені жеңіл жүріске салынған қыздар күніне 5, ал айына 500 азаматпен қарым-қатынаста болады екен.

Алайда, соңғы жылдары Қазақстанда ВИЧ/СПИД вирусын жұқтырушылардың санының өсуі Халықаралық ұйымдарды да алаңдатып отыр.
XS
SM
MD
LG