Accessibility links

Ауған журналистері "саясаткерлер мен әскери қолбасшылар қорқыныш, үрей туғызуда" дейді.

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Ауғанстандағы журналистер өз құқықтарының бұзылып жатқандығы жөнінде айтып, саясаткерлер мен әскери қолбасшылардың кесірінен қорқыныш-үрей үдеп тұр дейді екен.

Тілшіміз хабарлағанындай, Ауғанстанда соңғы кездері баспасөз еркіндігіне қысым жасау әрекеттері жиілей түскен. Әсіресе үкімет маңайындағы ресми адамдар, бұрыңғы муджахетдин жетекшілер немесе жергілікті үкіметбасылар жөнінде сыни мақала жазудың арты қудалауға себепші болар екен. Өткен айда İсламды қорлады деген айыппен "Афтааб" – "Күн" деген гәзетті екі редакторын тұтқындаған. Нью Йорктағы Хьюман райтс уач ұйымы өз журналистерін қорғап қалалмай отырған Ауғанстан үкіметіне сын айтқан.

Ал Ақпарат және Мәдениет министрі Махдом Рахин "ол екі журналист енді заң орындарына жауап береді", деген . Журналистердің айтуынша, нағыз қудалау енді болады.

"Мен Білім министрі Юнус Қануниді жұмысқа аптасына екі сағатқа ғана келеді, министірлікте не болып жатқанын да білмейді, жұрттың тілек-арыздарын тыңдайтын ешкім жоқ, мұғалім ұстаздар қабылдауға кіре алмайды, деп жаздым. Ал ол мақала шыққаннан кейін мені тұтқындап министірлікте бес сағат ұстады. Бір ай тергеді. Президент Қарзай араласқаннан соң ғана жаным қалды", дейді журналист.

Ал "Машал-е Демокраси" деген гәзеттің бас редакторы Файзұл Рахмон Ұрйоның айтуынша, бұрыңғы коммунист және қазіргі үкіметті , мұджахетдиндерді сынап жазғаны үшін оны бір қарулы топ келіп сабаған.

"Газеттің 12 санын шығарып Логардан үйге қайтып келе жатқанымда менің көлігімді тоқтатып , мені күшпен сыртқа сүйреп шығарды. Калашников мылтығымен қорқытып, сабады. Бақытыма адамдар келіп қалып олардан әрең құтылдым", дейді редактор.

Ол уақиғадан кейін көп өтпестен Көлік министрлігінен бір бастықты сынағаны үшін екі журналисті жазалаған.

"Бір топ муджахетдин Қабулдың маңайында мектеп, балабақша, аурухана және мешітттерге ажыратылған жерлерді өздеріне алып алды. Қорғаныс министрлігі бау-бақшаларды, ондаған ғимаратты өз адамдарымен бөлісіп алды. Әр министрлік ондағы дүние-мүліктерді, тіптен жұмыс орындарын өз адамдарымен ғана бөліседі. Ал журналист бұл жөніндегі ақиқат шындықты жазса оны тұтқындап, ұрып соғады", дейді "Ирода" гәзетінен Зухур Ауған.

Бірақ Қорғаныс министрінің көмекшісі Мохаммад Қасым бұл айыптарды мойындамайды.

Ақпарат министрі орынбасары Абдұл Хамид Муборез баспасөз саласындағы мәселелердің бар екендігін жасырмайды.

"Рас қатаң қолды кей әскери қолбасшылар баспасөз еркіндігіне қарсы. Көп жылдық соғыстан кейін мәселе де көбейген. Дегенмен біз журналистерді қорғауымыз керек. Оларға қауіп төнген кезде біз тез арада İшкі істер министрлігіне хабарлаймыз", дейді ахбарат министрінің орынбасары.

Ауғанстандағы тәуелсіз адам құқықтары комиссиясының басшысы Ахрор Ромизпур да үкімет журналистерді қуғындаудан қорғайды деген пікірде.

2001-жылы Ауғанстандағы тәліптер режимі құлатылғаннан кейін 200дей газет, жорнал шыға бастаған. Бірақ кедейлік кесірінен оларды алып оқитындар аздау. Сондықтан кейде ол басылымдар тегін таратылады.

Астана Қабулдың өзінде гәзет, жорнал сататын бір неше ғана дүкен бар. Ал алыстағы ауыл-аймаққа ол басылымдар жетпейді. Сондықтан ол 200дей басылымның ешқайсысы қаржы жағынан өзін өзі ақтай алмайды. Оның үстіне Ауғанстанда сауатсыздық әлемдегі ең жоғарығы деңгейде, деп жазады тілшіміз.

Дегенмен дүкенші жігіт Хамидоллаға мерзімді баспасөзде жарияланған дүниелер ұнайды екен.

"Мен газет оқып тұрамын. Қызық нәрселер бар. Көбіне шындық жазылады. Бірақ олардың қоғамға әсері бар ма, білмеймін", дейді ол.
XS
SM
MD
LG