Accessibility links

Француз тілі әлемдік маңызынан айырылып бара ма?


Бірнеше ғасырлар бойы француз тілінің әлемдік маңызды тілдер қатарында саналып келе жатқаны белгілі. Ал осы бір әуезді де, әсем тілдің бүгінгі қолданыстағы жағдайы қандай?

Француз тілі жөнінде пікір айта келіп, АҚШ-тың бір сенаторы: “Бұл- ұмытылуға жақын қалған тіл”-, дегенде француз өкілдерінің намысына тиіп кеткені де жасырын емес.

Әрине, мұндай шындыққа толы мәлімдемені ести отырып, Франциядағы зиялы қауымның туған тілдерінің халықаралық дәрежедегі беделінің болашақта бұдан да төмендеп кетпеуіне күш салып жатқаны рас. Өткен ғасырларда француз тілінің махаббат, сүйіспеншілік тілі, сондай-ақ биік дипломатия мен адам хұқықтарын кең тұрғыда паш ететін құрал деп жарияланғаны әркімге де белгілі.

Ал, соңғы әзірде туған тілдерінің әлемдік аренадан ысырыла бастағандығын есту- француздар үшін жеңіл емес екендігі де өз-өзінен түсінікті болса керек. Туған тілінің шет елдердегі рөлін арттыру жолында күресіп жүрген арнайы одақ басшысы Жак Виоттың пікірінше, мұның өзі француз мәдениетінің сақталып қалуы мәселесіне келіп тіреледі. Демек, бұл деген- өмір мен өлім арасындағы күрделі жағдай-, дейді ол.

Өткен онжылдықтар бұл тіл үшін аса жайлы кезең бола қоймаған еді. Бес құрылықта негізгі үстемдіктің ағылшын және француз тілдері уысында болып келгендігіне қарамастан, Америка Құрама Штаттарының економикалық және саяси пәрмені ағылшын тілінің әлемдік беделін орасан зор қарқынмен көтеріп жіберген болатын.

“Ұлттық тілім “ деп есептейтін 80 миллион азаматтарының арқасында француз тілі әлемдегі 11-ші орында келеді. Ал, тағы 180 миллион азаматтардың бұл тілді өзінің екінші тілі деп қабылдауы арқасында ол әлем бойынша тоғызыншы орында қалуда. Бұл көрсеткіштерге қарама-қарсы жағдайда ағылшын тілін 375 миллион азамат өзінің ана тілі-, деп атап отыр. Тағы дәл осындай шамадағы әлем азаматтары ағылшын тілін өзінің екінші тілі ретінде санауда.

Британия өкіметі жариялаған мәліметтерге қарағанда, әлем халқының төрттен бір бөлігі аталған тілде, әр түрлі дәрежеде сөйлейді екен. БҰҰ-ның өзінде француз тілі ресми жұмыс тілі ретінде саналғанымен, Француз дипломаттары, ресми және бейресми қолданыстарда, туған тілдері беделінің күн санап төмендеп бара жатқандығын бағамдап отыр.

Европа құрылығындағы жағдай да осыған ұқсас болуда. Мысалы Франкфуртте орналасқан Европалық орталық банктің веб парақшасын ашар болсаңыз онда негізгі мәліметтердің ағылшын тілінде топтастырылғаны жөнінде кеңес-ескерту алдыңыздан шыға келеді,-дейді Ройтер тілшісі 7-ші шілде күнгі мақаласында.

Ал, Европа одағы ұйымында өткізілген бұған дейінгі басқосулар да осыған тақылеттес жағдайды бастан өткерген болатын. Атап айтқанда келер жылы Европа одағына мүшелікке шақырылып отырған елдер өздеріне жіберілетін дипломаттардың негізінен ағылшын тілінде сөйлеуінің қолайлы екендін ескерткен екен.

Тағы бір мысал, Европа одағының атынан Конго демократиялық республикасында бейбітшілік сақтау мақсатымен орналастырылған Француз армия генералдары өздерінің жұмыс бабындағы тілдерінің ағылшын тілі екендігін еш қысылмастан жариялаған екен. Француз тілінің өзіне жекелеген ағылшын сөздері емін-еркін енуде десе болғандай.

1994-ші жылдары “ле-уикенд” немесе “ле-паркің” деген ағылшыншаланған жарнамалар үшін сотқа тарту шаралары қолданылып келген болса, қазіргі кезде Франуцздар осы бір тең емес күресте өз тілдерінің кері шегініп бара жатқандығын мойындауға мәжбүр болып отыр-, дейді Ройтер тілшісі.

Ирак соғысы кезінде әлемге негізгі ақпараттарды таратқан да СНН және ББС сияқты ағылшын тіліндегі теле арналар еді. Сондықтан да қазіргі кезде Француз басшылығы өз теле арналарының әлемдік ықпалын күшейтуге тырысуда. Француз мемлекеттік радио торабы директоры Жан Мари Каваданың пікірінше, тіл деген сөйлеу құралы ғана емес, кез-келген ірі мемлекеттің ең басты, аса маңызды қаруы да.
XS
SM
MD
LG