Accessibility links

Сингапурде екі тәуліктен бері бастарымен жабысып туған ересек екі сиам егізін айыру бойынша күрделі операция жүріп жатыр.


Бүгін 30 нейрохирургтен тұратын дәрігерлер тобы егіз қыздың милары арқылы өтетін тамырды ажыратулары тиіс, бұл операцияаның ең күрделі сәтті. 29 жасар ирандық Лала мен Ладан Бижанилер өзге елдердің дәрігерлері қыздардың өліп кету қаупі тым жоғары болуынан, бас тартқан операцияны іске асыру үшін Сингапурге келген еді. Нейрохирургтер бұндай операцияға бармас алдын егіздердің милары бөлек екендіктерін анықтағанан соң келісім берді. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, онда бұл ересек сиам егіздерін ажырату бойынша тарихта тұңғыш атқарылған іс болмақ.
XS
SM
MD
LG