Accessibility links

Корсикалық тұрғындар осы аймаққа кең көлемді автономиялық құқықтар берілуін қаламайды


Кеше Корсикада өткен референдумге қатысқан жергілікті тұрғындар бұл Франция құрамындағы аймаққа кең көлемді автономиялық құқықтар беруінен бас тартты. Дауыс бергендердің 51 пайызы бюджетті құруға құқылы өлкелік парламентті құру жоспарына қолдау көрсетпеді. Жерорта теңізіндегі аралдың 60 пайыз тұрғыны дауыс беру шарасына қатысты. Референдум Франция үкіметінің ұйымдастыруымен өткізілді, осы арқылы ресми Париж корсикалық ұлтшылдардың тәуелсіздік үшін күресін сабасына түсірмек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG