Accessibility links

Палестина аутономиясының басшылығы Ызрайыл түрмелерінде отырған барлық палестиндікті босатуды талап етуде.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестина автономиясының басшылығы Ызрайыл түрмелерінде отырған барлық палестиндікті босатуды талап етуде. Ызрайылдың әділет министрі Томми Лапидпен келіссөздері кезінде Палестина автономиясы үкіметінің мүшесі Хашим Абділразақ ол талап-шарт орындалмаса, бейбіт келіссөздерді тоқтатуы ықтимал деп ескертті. Дүйсенбі күні экстремистік “Хамас” тобының өкілі барлық палестиндік тұтқын босатылмаған жағдайда, “Хамас” бейбіт келісімнен шығады деген мәлімдемесін тағы қайталады. Ал Ызрайыл - түрмелерден 350 палестиндікті босатуға келіссе де, “Хамас” пен “Ислам джиһады” топтарының мүшелерін босатудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG