Accessibility links

Перуде маоститік “Жарқыраған жол” ұйымының тағы бір көсемі қолға түсті.


ЛИМА: Латин Америкасының Перу елінде 20 жыл бойы тынымсыз астыртын күрес жүргізіп, 30 мың адамның қазасына қалған “Жарқыраған жол” атты маоистік топтың тағы бір көсемі қолға түсті. “Марсело” деген лақап атымен белгілі Флорентино Серрон Кардосо - елдің орталық бөлігіндегі бүлікшілерді басқарып келіп, өткен демалыс күндері ұсталды. Оған 122 адамның өліміне және ондаған тосын шабуылға қатысы бар деген айыптар тағылуда. Әлгі маоистік топтың “Артемио” деген лақап аты бар жалғыз көсемі бостандықта жүр.
XS
SM
MD
LG