Accessibility links

Тергеу абақтысында отырған “ЮКОС” мұнай компаниясы иелерінің бірі П.Лебедевке оның қорғаушылары жолыға алмады.


МӘСКЕУ: Лефортово түрмесіне жабылған Платон Лебедевтің қорғаушылары дүйсенбі күні онымен кездесе алмады. Адвокат Евгений Барудың “Интерфакс” агенттігіне хабарлағанындай, тергеу шараларын жүзеге асыру үшін шақырылған қорғаушылар 2 сағат босқа тосып, одан кейін оларға тергеу абақтысында бос бөлме жоқ деген желеу айтылған. П.Лебедевтің қорғаушылар сол күні-ақ оның қамауға алынуын заңсыз деп танып, Мәскеу қалалық сотына арыз берді. “Менатеп” банкінің директорлар кеңесінің төрағасы әрі “ЮКОС” аталуы мұнай компаниясы иелерінің бірі П.Лебедев 2-інші шілде күні қамауға алынды. Оған 1994-інші жылы “Апатит” компаниясы акцияларының 20 пайызын ұрлады деген айып тағылуда.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG