Accessibility links

Беларуссия өкіметі АҚШ-тың “Айрекс” ұйымын тыңшылық әрекеттермен шұғылданады деп айыптап, оның елде жұмыс істеуіне берілген рұқсатты ұзартудан бас тартуда.


МИНСК: Беларуссия өкіметі АҚШ-тың “Айрекс” деп аталатын зерттеу ұйымын арандатушылық іс-қимылдармен шұғылданады деп айыптап, оған берген рұқсат құжатын ұзартудан бас тартып отыр. Зерттеу және тәжірибе алмасу бойынша халықаралық кеңес немесе қысқаша “Айрекс” деп аталатын америкалық ұйым – Беларуссиядағы ғылыми ынтымақтастық бағдарламаларына демеу болып, тәуелсіз баспасөз құралдарына көмек көрсетіп келді. Өткен маусым айында Беларуссияның барлау қызметі “Айрекс”-ті тыңшылық іс-қимылдарға бүркеме болды деп мәлімдеді. Ал ол ұйымның аталған елде жұмыс істеуі үшін берілген рұқсаттың мерзімі сенбі күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG