Accessibility links

“Қазақгейт” оқиғасына кімдердің қатысы бар?

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Автор өз мақаласында кезіндегі мәжіліс депутаттарының мемлекет басшысына “Қазақгейт” оқиғасына орай сұрау салғанымен, ол сұруларының не себептен жауапсыз қалғандығына қатысты саяси талдау жасайды.

“Ассанди таимс” газетінің кезекті санында журналист Мұхаметжан Әділовтың “Қазақгейт” оқиғасына кімдердің қатысы бар?” деп аталатын мақаласы жарық көрді. Автор өз мақаласында кезіндегі мәжіліс депутаттарының мемлекет басшысына “Қазақгейт” оқиғасына орай сұрау салғанымен, ол сұруларының не себептен жауапсыз қалғандығына қатысты саяси талдау жасайды.

Мақала авторының айтуынша, жаңадан тағайындалған премьер-министрдің кезінде шет ел компанияларымен жасалған келісім-шарттар қайтадан қаралмайды деп мәлімдеме жасауы тегіннен-тегін емес. “Бұл өз тұрғысынан көптеген түсінбестіктер туғызып отыр” деген мақала авторы, жаңа премьердің мәлімдемесінің артында қандай саяси мақсаттардың бұғып жатқандығын ашуға тырысады.

“Бүгінгі таңда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстандағы кен орындарын игеруге байланысты жасалған шарттардың бұқара халықтың мүддесін шектейтіндігін елдің бәрі де жақсы түсіне бастады. Осы келісім шарттардың арқасында беймәлім себептермен шет ел инвесторларына жеңілдіктер беріліп, соның кесірінен мемлекеттің бюджетіне миллиардтаған доллар түспей қалды.

Қалай болған күнде де Қазақстан үкіметінің кезінде жасалынған келісім-шарттарды қайта қарауға ниет білдірмеуі, көңілге күдік ұялатады. Мысалы қаржы министрі Зейнолла Кәкімжанов салық түсімін көбейту үшін, мұнай мен газды игеруге байланысты кезінде жасалынған келісім-шарттардың қайта қаралуы керектігін тілге тиек еткен еді” дейді мақала авторы.

Мақала авторының пайымдауынша, егер де бұрын атқарушы билік баспасөз бен депуттардың сұрауына жауап бермеуге тырысса, соңғы кездері жаңа келісім шарттардың бәсекелестік әрі жариялылық негізде жасалатынына мол уәде беріп жүр. Ал бірақ, бұрынғы келісім-шарттарды қайта қарауға немесе олардың қалай жасалғандығының сырын ашудан Қазақстан үкіметі ат-тонын ала қашады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев британиялық “Файненшэл таймс” газетіне берген сұхбатында “Қазақгейт” былығына қатысты экс-премьер Әкежан Қажыгелдинді жазғырған”. Мұхаметжан Әділов Қазақстан Президентінің бұл сөздері сыныққа сылтау ғана және шындыққа еш үйлеспейді деп пайымдайды.

Оның себебін мақала авторы өз тұрғысынан былайша дәлелдеуге тырысқан. “Үкімет басына Қажыгелдиннен кейін келген Нұрлан Балғымбаевқа оның былығын жасырудың не қажеттілігі бар. Қасымжомарт Тоқаевқа да өзіне дейінгі жасалған келісім-шарттарды құпия түрде ұстаудың еш мағынасы жоқ. Тіпті Қасымжомарт Тоқаев премьер-министр кезінде мұнай мен газ орындарын игеруде өз пайдасын алып қалуға әрекет жасағаны мәлім.

Мақала авторының сөздеріне сенетін болсақ, Қазақстан Президентінің бұрынғы кеңесшісі Джеймс Гиффенге қатысты шығарылған айыптау қорытындысы талай былықтың бетін ашуға септігін тигізіп тұр.

“Кезінде мемлекет басшысы шет ел инвесторлары Қазақстан экономикасына ақша салғысы келмеді деген сыңайдағы әңгімені жиі-жиі айтып, оны ресми орындар талай рет қайталаған еді. Алайда бұл сөздердің бәрі де өтірік болып шықты. Шет ел инвесторларының Қазақстан байлығына қызыққандығы соншама, тіпті кен орындарын игеру үшін миллиондаған доллар пара беруге шейін барған.

Міне сол себептен де атқарушы билікке осындай аңыз тарату өті тиімді саясат болды” делінген “Ассанди таимс” газетінің кезекті санында жарық көрген Мұхаметжан Әділовтың мақаласында. Мақала соңында Мұхаметжан Әділов егер де ары-таза болса, біздің сұрауымызға жауап берсін деп, Қазақстан Президентіне көптеген сауалдар қойған.
XS
SM
MD
LG