Accessibility links

Ирақта Саддам Хұсейн режимі кезінде он мыңдаған адам бейдерек жоғалған.

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Саддам Хұсейн билігі кезінде Ирақта он мыңдаған адам бейдерек жоғалған. Енді анық бола бастағанындай, олардың көбі атылған, абақтыға жабылған.

Жоғалған азаматтардың тағдырын анықтау жолында Ирақ халқына халықаралық қауымдастықтың да көмегі қажет болып отыр, деп жазады Чарлз Рекнагел.
Енді бұл жөнінде , тілшіміз жолдаған хабардың 3-ші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

Саддам Хұсейннің диктаторлық режимі кезінде Ирақта он мыңдаған адам бейдерек жоғалып, енді анықтала бастағанындай, олар атылған, жасырын көмілген, ұзақ мерзімге абақтыға салынған екен.

Соңғы кездері түрлі аймақтарда табылған ортақ қабірлерді жергілікті халықтың күшімен аша бастаған. Бірақ мәйіттердің иелерін анықтап олар жөнінде кеңірек дерек-мәлімет жинауға мүмкіндік шамалы болып тұр, деп хабарлайды тілшіміз.

Экскаваторды пайдалану кезінде бірге көмілген мәйіттердің сүйектері араласып қирап кетіп жатқан кездері көп. Сондықтан құрбандардың қандай жағдайда қаза тапқандарын да анықтау қиынға түсүде.

Зерттеу жұмыстарына жәрдемдесу мақсатында Британия үкіметі Ираққа бір топ ғалымдарды жіберген. Ол топты басқарушы Маргарет Кокстың айтуынша, ортақ қабірлерді ашып тексеру кезінде міндетті түрде маман сарапшылардың көмегі қажет. Кокстың пікірінше, алдымен ортақ қабірлерді сарапшылардың бақылауы астында ғана ашып зерттеу керек.

" Ирақ азаматтары ол зираттарды бірден ашуға асықпағаны жөн. Сабыр сақтап, зерттеушілерден жеткілікті жәрдем келгенше күткен абзал. Ол мәйіттер мұқият тексеріліп, сот алдына күәлік беретіндей дәрежеде ұсынылғаны қажет", дейді сарапшы топ жетекшісі. Осы кезге дейін табылған жүз шақты ортақ қабірдің 17сін ғана АҚШ күштері күзету астына алыпты.

Нью Йорктағы Халықаралық Әділет орталығынан Пол ван Зилдің пікірінше, диктаторлық режим құрбандарының мәйіттерін мұқият зерттеу үшін халықаралық сарапшылар комиссиясын құру қажет.

"Меніңше , әзірше, Саддам Хұсейн кезінде аяқ асты болған адам құқықтары жөнінде кең көлемді ресми мәлімет жеткілікті емес. Саддамның жасаған қылмыстары жөнінде барынша дәйекті ресми деректерді жинақтау лазым", дейді Пол ван Зил.

Бірақ БҰҰның Босния, Руанда, Қосоводағы сықылды адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарды зерттеуге Ирақ елінде мандаты жоқ болып тұр. БҰҰнан елші, Британияның Ирақтағы өкілі Джереми Гринсток Ирақтағы жағдай жөнінде былай дейді.

"Жағдай - күрделі, ауыр. Үлкен зерттеулер керек. Мен ирақтағы соғыс қылмыскерлерін сотқа тартып ақиқат әділетті шешім қабылдау жөнінде Қауыпсыздық кеңесінде айттым", деген елші.

Өткен айда Бағдатқа барып қайтқан Британия парламентінің мүшесі Анн Клидтің айтуынша түрме, абақтыларда бұрыңғы режим кезінде, тұтқындардың, қамалғандардың, өлтірілгендердің тізімі болған, бірақ өз қылмыстарын жасыру үшін оларды жойған. Дегенмен кейде ондай құжаттар Бағдат базарларында сатуға түсіп тұрар екен.

Ирақтағы тұтқындарды құтқару ұйымынан Нажаф Ал-Ажаридің тілшімізге айтқанындай, көктемдегі Ирақ соғысы кезінде Қауіпсіздік қызметі көптеген құпия дүниелерді жасырып үлгірген . Бұрыңғы саяси тұтқындар міне сол құжаттарды іздеу үстінде екен.

"Құпия полицияның архивы негізінен Ал-Мансұрдегі сауда орталығына жасырылған екен. Оны білгеннен соң біз ол архивті күшпен басып алдық", дейді Нажаф Ал-Ажари.

Ал әзірше, бұрыңғы саяси тұтқындар , бұрыңғы ресми басшылыққа қарсы өз күштерімен айғақ деректер жинап жатқан көрінеді. Сондай-ақ ауыл-аудандағы кейбір азаматтар да өздерінің құрбан болған жақын туыстары жөнінде дерек-мәлімет жинау үшін қабірлерді қаза бастаған.

Коалициялық әкімшілік АҚШ пен Британия күштеріне қарсы қылмыс жасаған Саддам жақтастарын соттайтын Бағдаттағы алғашқы сот жөнінде жариялады.

Сондай-ақ АҚШ тағайындаған әкім Пол Бремер Баас партиясы мүшелерін, және тұрақтылыққа кедергі болатын қылмыскерлерді соттайтын арнайы заң орнын жасаймын, деген.

Бремердің пікірінше, ондай сот болашақта адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарды тергейтін, соттайтын трибуналға айналуы керек.
XS
SM
MD
LG