Accessibility links

Хьюман Райтс Уотчтың Қазақстандағы СПИД дерті жөнінде ресми дерегі

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Адам құқықтарын қорғайтын ұйым Хьюман Райтс Уотч Қазақстандағы СПИД дерті жөнінде ресми дерек- мәліметтер жариялады. Қазақстанда спид дертіне кезіккендер онша көп емес, бірақ есірткі және нәпсіқұмарлық кесірінен бұл ауруға кезіккендер саны жедел көбейіп отыр.

Әлем елдерімен салыстырғанда СПИД дертіне кезіккен адамдар саны жағынан Қазақстандағы жағдай онша алаңдайтындай деңгейде емес. Бірақ бұл аса қатерлі дерт қазақ жерінде жедел тарауда, деп жазылған халықаралық адам құқықтары ұйымы Хьюман Райтс Уотч жариялаған дерекнамада.

2002 жылғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 25 мыңдай адам спид ауруын жұқтырған екен. Бұл Орта Азиялық қалған 4 мемлекетті қосқандағы аурулардан екі есе көп деген сөз.

БҰҰ СПИД - пен күрес бөлімшесінің деректеріне қарағанда СПИД - ке кезіккен адамдардың 85 пайызы наркоман - бәңгілер екен. СПИД өзгелерге сол бәңгілер қолданатын ине арқылы өтіп отырар екен. Ал Қазақстандағы наркомандар саны қазірдің өзінде 200 мыңнан асыпты. Бұл дерттің асқындауына, сондай-ақ адам құқықтарының қасақана бұзылуы да өз кесірін тікелей тигізетін көрінеді.

Орталық Азия және Ресей бойынша СПИД жөніндегі кеңесші Марие Струтердің бұл мәселе бойынша пікірі төмендегідей.

"Полицияның дөрекі әрекеттерінен, зорлық – зомбылық көрсетуінен және нәпсіқұмарлық әрекеттерінен құпия сауда қазіргі кезде қызып тұр. Олар дер кезінде емделуден де қашады", – дейді Струтер.

Мария Струтердің айтуынша, 1991-жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері нәпсіқұмарлардың саны еселей өсе түскен. Оларға көмектесетін полицияның өзі ретін тауып ол азаматшаларды зорлау, ұрып – соғу немесе қорқытып ақша алуды жиілеткен.

Оның айтуынша, полиция ол дертке кезіккендерді шамалы ғана есірткімен ұстаса болды, олардың "бизнесі" қызи түседі. Оларды қорқытып үркітіп барынша мол ақша жымқырып қалуға кіріседі.

Ал, Алматыдағы сауықтыру орталығында ем алып жатқан Наташа есімді келіншек тілшімізге былай дегенеді:

"Ия полиция маған хайуандарша қылық жасады. Аузына келгендерін айтып, боқтап намысыма тиді. Екеуі мені зорламақшы да болды. Маған адам деп қарамады. Кейбір құрбыларымды бір топ полиция кезектесіп отырып зорлады", - деді Мария.

Әділет министірлігі есірткімен күрес комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы СПИД жөнінде деректер келтірмегенімен, министрліктің бұл мәселеде БҰҰмен өзара ынтымақтаса отырып жұмыс істеп жатқандығы жөнінде айтады. Қазақстан СПИД-пен күрестің 5 жылдық бағдараламасын жасап, оған 150 млн. доллар жұмсауды жоспарлап отыр екен.

Бірақ Мария Струтердің айтуынша, СПИД-ке кезіккендерге заң тәртіп орындары қызметкерлерінің адам ретінде қарап, құқықтарын аяқ асты етпеулері керек, деп есептейді.

СПИД-пен күрес орталықтары Денсаулық Министірлігі қарамағында құрылғанымен олардың өзінің арасында кейде келіспеушіліктер болып жатады. Заң тәртіп органдары жағынан зорлық – зомбылық әрекеттері жиі кездеседі. Сондықтан наркомандар олардан қашып, алыс жүруге әрекетттенеді", - дейді Струтер.

Струтердің айтуынша, СПИД-пен ауырып азап шегіп жүрген қазақ азаматтары полицияның зорлық - зомбылығына кезігіп тағыда бір рет қорланады. Оның үстіне отбасы, жұмыс орнында да сенімнен жұрдай болған олар енді айдалада қалған бейбақтай күн кешеді.

Сонымен мамандардың топшылауынша, Қазақстандағы спид жағдайы барған сайын күрделене түсуде. Сондай-ақ, бұл дерт Орта Азиядағы көршілес қалған төрт мемлекет Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды да қауып астынада қалдырып отыр.

Марие Струтердің айтуынша, бұл елдердегі жағдай да Қазақстанға өте жақын. Есірткі қолданушыларға орай жасалатын қысым, қорлық-зорлық бұл аймаққа да тән құбылыс көрінеді. Бірақ СПИД вирусына қарсы күрес бұл мемлекеттерде әлі бірер жүйелі түрде жолға қойылған емес, - дейді Струтер ханым.
XS
SM
MD
LG