Accessibility links

АҚШ сотты "УорлдКом" компаниясын 750 миллион доллардың айып пұлын төлеуі туралы үкім шығарды.


Бұл қаржылар банкрот болған компанияның акционерлерінің шығынын өтеуге жұмсалады. Қаржының бір бөлігі нақты ақшамен, қалған жартысы құнды қағаздармен төленеді. Бұл "УорлдКом" мен АҚШ-тың Құнды қағаздар бойынша комиссиясымен келіссөздер барысында өз шешімін тапты. Бухгалтерлік есепте 11 миллиард доллардың кілтипаны белгілі болып қалғанда, өткен жазда американдық телебайланыс саласының алпауыты "УорлдКом" өзін банкрот деп жариялап еді.
XS
SM
MD
LG