Accessibility links

Меридианға жақын жердегі Локхид Мартин зауытында болған атыста алты адам өліп, сегіз адам жараланған.


Миссиссипи штатындағы Локхид Мартин қорғаныс зауытында қарулы бұзақы мылтық пен жартылай автоматты винтовкадан мұндағы адамдарға қаратып оқ атып, бес адамды өлтіріп, сегіз адамды жаралаған соң барып, соңғы оқты өзіне жұмсаған. Штаттың шерифі Билли Солли бұл адамның осы зауыттың қызметкері болғанын айтқанымен, аты-жөні атамаған. . Әлгі адамның мұндай қатыгездікке баруының себебі де анық емес, зауыт басшылары оның қандай да бір өкпе-реніші болмағандығын айтқан. Зауытта жүзге жуық адам еңбек етеді. Мұнда реактивті қырғи ұшақтар мен әскери тасымал ұшақтарына қосымша бөлшектер жасалады.
XS
SM
MD
LG