Accessibility links

Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің басшысы Мохамед Әл- Барадей бүгін Теғранда келіссөздер өткізуде.


Ол Иран президенті Мохаммед Хатамимен және Иранның сыртқы істер министрі Камал Харазимен , Иранның атом көздері агенттігінің жетекшісі Гұламреза Агазадемен кездесулерде болып, Халықаралық атом энергетикасы агенттігімен ядролық орындарды тексерудің қатаңдау шараларына бағытталған қосымша хаттамаларға қол қою жөнінде келіссөздер өткізетін болады. Мұндай хаттама Ирандағы барлық ядролық орындаға кіруге жол ашады. Иранның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ирандықтар Әл-Барадейдің не айтатынын тыңдайды, бірақ хаттамаға қол қою үшін, кейбір кепілдіктер берілуі керек деп атап көрсеткен. Ал Францияның сыртқы істер министрі Доминник де Виллепин кеше Ресей астанасы Мәскеуде былай деген: - Иранға деген сенімнің қайтып оралуы үшін, ол Халықараылқ атом энергетикасы агенттігімен қосымша хаттамаларға қол қойғаны керек. Мен осы аптада Әл-Барадейдің Теғранда болуы нақты бір шешімдерге қол жеткізеді деп ойлаймын, -деген Францияның сыртқы істер мекемесінің жетекшісі. Ресейдің сыртқы істер министрі Игор Иванов та Иран МАГАТэ-мен кеңірек ынтымақтастыққа барады деп үміттенетіндігін білдірген. Бұған дейін Иран бұл хаттамаға тек қана Иранға ядролық технологияның экспортталуына деген шектеулер алынып тасталатын болса ғана қол қоятындығын мәлімдеп келген.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG