Accessibility links

"Фатах" қозғалысының орталық комитеті Махмуд Аббастың қозғалыстан кетуін кері қайтарды.


Кеше Ясер Арафаттың "Фатах" қозғалысының орталық комитеті Палестин премер-министрі Махмуд Аббастың оның Израйлмен байланыстары жөніндегі мәселеде туындаған қайшылықтардан кейін, қозғалыстан кетуі жөніндегі мәселені кері шегерді. "Франс пресс" агенттігі "Фатахтың" аты аталмаған жетекшілерінің біріне сілтей отырып, Махмуд Аббас Израйлмен келіссөздер төңірегінде қоғалыспен бір пікірге келе алмағандықтан, орталық комитеттен отставкаға сұранған болатын деп хабарлаған. Палестин үкімет басы Махмуд Аббас палестиндік қозғалыс жетекшілері тарапынан алдыңғы күні кеш бойына өткізілген кездесулер барысында оның Израилмен байланыстары туралы, әсіресе тұтқындағыларды босату жөніндегі ұстанымдарына байланысты қатты сынға ұшыраған болатын. Бұлақ көздерінің айтуынша, қозғалыс басшылары Махмудтың бұл мәселедегі салқынқанды, байсалдылығына шыдамсыздық танытатын көрінеді. Міне, осы жайттердің салдарынан Махмуд Аббас бүгінгі күнге белгіленген Израил премері Ариел Шаронмен кездесуін кейінге қалдырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG