Accessibility links

Ақ үй: Ираққа қарсы уран жөніндегі айыптаулар жалған құжаттарға негізделген.


Ақ үй кеше президент Ж.Буштың Ирақ Африка елдерінен уран сатып алмақшы болды деген талабына қолдау көрсету үшін қаңтар айында алынған қолдан жасалған ақпараттың ойланбай пайдаланылғандығын мойындаған. Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің өкілі Майкл Антон америка газеттері жалған ақпарат жөнінде хабарлаған соң, осындай мәлімдеме жасаған. "Вашингтон пост" газеті аты аталмаған Ақ үйдің жоғары дәрежелі бір өкіліне сілтеме жасай отырып, Ирақ пен Африка елі арасындағы іскерлік қарым-қатынас туралы мәлімдеулер президент Буштың АҚШ халқына арнаған арнауына енгізілмеуі керек деп айтқан сөзін берген. Онда Буш Ираққа соғысты бастауға негіз болған мәлімет-деректер Англияның барлау көздерінен келді деп айтқан болатын. Ал оның алдында Лондонда Британия премер- министрі Тони Блэр Англияны адастырып, Ирақтың жаппай қырып-жою қаруы жөніндегі ақпаратты тым дабырайтып көрсетті деген өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған болатын. - Бұл Саддам және оның жаппай қырып-жою қаруы туралы мәселе Орталық барлау басқармасы мен Англияның барлау орындарының ойдан шығарған ойлап тапқаны деп ойлаған боларсыздар. Жоқ, Саддамның жойқын қаруды дамытқаны жөнінде ешқандай да күмән болмауы керек, - деп атап өткен ол. Мұның алдындағы күні Парламенттің шетелдік істер жөніндегі комитеті Блэрдің қоғамдық қатынастар жөніндегі жетекшісін Ирақ турасындағы хабарламаларда Ираққа соғыс ашу үшін ондағы жаппай қырып-жою қаруы жөніндегі ақпаратты ұлғайтып көрсетті деген айыптаулардан ақтап алған болатын. Бірақ та мұнда үкіметтің Ирақ туралы берген хабарламаларында, Бағдад 45 минуттың ішінде химиялық қаруды қолдана алады деген мәлімдеулер де өте дабырайтып айтылған деректер екендігі атап көрсетілген. Сондай-ақ бұдан басқа да бір хабарламада да Блэр ақпаратты дұрыс көрсетпеді деген де тұжырым бар.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG