Accessibility links

Латын Америкадағы аутократтык режимде болған мемлекеттердегі ауыр жағдайдан Ирақ сабақ алар ма екен


Саддам Хұсейн режимі кезінде Ирақта он мыңдаған адам бейдерек жоғалып, олардың көбі атылды, абақтыларда азап шекті.

Ал енді соғыстан кейіңгі өтпелі кезеңде Ирақ кезінде Латын Америкасындағы елдерде болған аутаритарлық тәртіптің ашшы сабағынан бірер сабақ алар ма екен.

Латын Америкасындағы бір қатар елдер осы кезге дейін бұрыңғы аутаритарлық режимнің салдарынан азап тартып келеді. Бұл елдерде қатаң қолды режим кезінде бейдерек жоғалған, өлтіріп жасырын көміп тастаған адамдардың тағдырын зерттеп, ақиқатты ашу үшін тергеу комиссияларын да құрған. Олардың түрлі деңгейдегі нәтижелері де бар. Міне енді әділеттің салтанат құруы үшін Ирақ та сол мемлекеттерден үлгі алуы қажет болар, деп жазады тілші.

Ондай диктатуралық режимдегі елдерде соңғы 20 жылда 20 шақты зерттеу комиссиясы құрылған. Олардың арасынан 90-жылдардағы апартеиттік режимді зерттеген Оңтүстік Африка комиссиясы үлгі боларлықтай бір қатар шараларды іске асырып үлгірген.

Ал қазіргі Ирақ үшін, мамандардың пікірінше, Гватемаладағы Тарихты Tаразылау комиссиясы үлгі боларлықтай. 1997-жыл құрылған ол комиссия 36 жылға жалғасқан азаматтық соғыс салдарын зерттеген. Табылған дерек-мәліметтерге қарағанда, ол соғыста 200 мыңдай адам жоғалған, не өлтірілген екен.

18 айға созылған зерттеу жұмысы натижесінде 1999-жылы Гватемала комиссиясы ол соғыс кезіндегі өлім, қатыгездік жөнінде үлкен ресми ақпарат жариялады. Ерекше қорытындыда жазылғанындай, 1981-83 –жылғы ол соғыс кезінде Маян халқына қарсы геноцидтік қылмыс жасалған. Бірақ Оңтүстік Африка комиссиясынан айырмашылығы, Гватемалық шындық іздеушілер тапқан деректері баспасөзде жариялағанымен қылмыскерлердің аты-жөндерін ашық жазбаған2.

Гватемаладағы ол зерттеулер жөнінде "Foreign Affairs" жорналының бас редакторы Тепперман тілшімізге былай деген:

"Гватемала қазір гангстерліқ өмірге қайта оралғандай. Заң мен тәртіп орнату, ашық демократияға қарай бет бұру, өткендегі режим құрбандары жөніндегі шындықты ашу үшін әділетті сот өте-мөте қажет еді", дейді редактор.

Латын Америкасы елдеріндегі соңғы тәжрибе бойынша, өткендегі қылмыстық іс-әрекеттерге қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру жоспарланған. Комиссиядағы арнайы бөлімнің ұсынысы бойынша жоғары деңгейлі ресми адамдарға орай бір неше қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы екі жылда бұл комиссия 18 мыңдай адамды сұрап тергеген, күәлік алған. Соның нәтижесінде 1980-2000 жылдар аралығында бейдерек жоғалған немесе өлтірілген 60 мыңдай адам жөнінде дәйекті дерек жиналған.

БҰҰ-да жақында өткен конференция кезінде комиссия мүшелері "жүргізілген зерттеулер атқарылған шаралар Перу еліндегі игі өзгерістер үшін жақсы бастама болмақ", деген.

Коммиссия мүшелерінің бірі София Махер, "Біз жинаған, анықтаған дерек-мәліметтер бұл елдердегі зорлық – зомбылық , заңсыздықтар жөнінде бұлтартпас айғақтардың бетін ашады. Тек қана адам құқықтары бұзылып қалмай, адам шығыны да көп болған. Бірақ кезінде жауып тасталған", - дейді .

Тепперманның айтуынша Аргентинада 1976-83 – жылдары болған соғыста 30 мыңдай адам дерексіз жоғалған. Аргентинаның жаңа президенті Нестор Киршнер кезінде жарияланған рахымдылық заңдарын Ата заңға сай емес деп жариялау қажет, деген.

Осыдан 20 жыл алдын Аргентинадағы диктаторлық режим құлатылған кезде жасалған қылмыстарды зерттеу үшін тергеу коммиссиясы құрылып, әскери хунтадан бір қатар қолбасшылар сотталған да болатын.
XS
SM
MD
LG