Accessibility links

Астанаға 220 тонна көкөніс жеткізілді


Оңтүстік Қазақстан облысынан көкөніс тиеп жеткен автокеруеннің шілденің 9-ы күні тұсау кесер рәсімі өтті.

220 тонна көкініс тиеп келген автокеруеннің мақсаты-Астандағы көкөніс бағасын арзандату. Бұл Астана қаласы әкімінің бастамасымен Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен өзара қарым-қарым қатынас жасау туралы жасалған келісім шарт бойынша жеткен бірінші автокеруен.

Тұтыну нарығын дамыту және бағаны тұрақтандыру үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласынан Астана қаласының өкілдігі ашылды.

Автокеруеннің тұсау кесер рәсімін жасаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Серік Ахметовтің айтуынша, бұл жалғасын табатын шара. Автокеруеннің көшбасшысы, Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқарамасы бастығының орынбасары, Берік Елкеевтің айтуынша, енді көкөніс бағасы айтарлықтай төмендейді. Мұндай керуен аптасына бір рет келетін болады.

- Қызанақ қазір 70 теңге болса, ендігі аптада 30 теңге болады. Қиярды 9 теңгеден әкелдім. Келесі аптада 4 теңгеден әкелем. Қарбыз 10-13-15 теңгеден болады. Бізбен бірге қарулы күзет еріп жүрді.

Бұрын қатардағы КАМАЗ-дар МАИ-дан, көлік инспекциядан өткенде бершегін беріп отыратын. Біз жәй өттік,-дейді Автокеруеннің көшбасшысы, Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқарамасы бастығының орынбасары Берік Елкеев.

Тұсау кесер рәсімінің нөрселеткен жаңбырға ұласқанына қарамастан, көтерме бағамен сатып алушылар, қарапайым тұтынушылар жүк тиелген КАМАЗ-дардың жанынан лезде табылды.

Солардың бірі Әбдірашитова Шарапат, қарбыз тиеп келген КАМАЗ иелерінің басқаша баға айтып отырғанын айтты:

- Қарбызды он екі теңгеден деп айтқан, ал өнімнің иелері ол бағамен бермей жатыр. Қарбыз иелері 30-35 теңгеден береміз дейді. Сонда арзандағаны қайда? 2 тоона қарбызды 5 адам бөліп аламыз ба деп едік.

Аты-жөнін айтпаған жүк иесінен оның себебін сұрағанымызда, өз өнімін арзанға бергісі келмейтінін айтты:

- Бөлшек садада 12 теңгемен сатамын, ал, көтерме бағада мұндай бағамен сатылмайды. Бізде 20 теңгеден,-деді қарбыз иесі.

Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқармасы бастығының орынбасары, Берік Елкеев, енді, көкөністің сату бағасын есептеп шығару керек дегенді айтып отыр. Оның айтуынша, жүк иелері біздің бағамаен сатады. Көлік шығынын санау керек, өзіндік құнын есептеу керек, сосын сатылады. Автокеруеннмен жеткен кейбір жүк иелері арасында ұйымдастыру шарасына көңіл толмастық білдіріп жатқандарда болды. Оңтүстік Қазақстан облысынан келіп сауда-саттықпен айналысып жүрген Захида Қошақова, сатушы үшін мұның тиімсіз екенін айтады. Астана қаласының тұрғыны Болатбек Ғизатов, көкөніс бағасының айтарлықтай арзандайды дегенге сенбейді.

- Әркім өз бизнесін жасап жатқан заман ғой. Қаладағы бағаға әсер етеді деп айту мүмкін емес.

Сонымен көкініс қанша тұрады екен деген сауалдың жауабы әзірге екіұшты болып тұр.
XS
SM
MD
LG