Accessibility links

НАТО Бас хатшысы Джорж Робертсон Алматыға келді.

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Сәрсенбі күні кешкісін НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсон ресми сапармен Алматыға келеді деп күтілуде.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ақпарат және талдау басқармасының хабарлауынша, сапар аясында Джордж Робертсонның Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратовпен, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен, ҚР ҰҚК төрағасы Нартай Дүтбаевпен, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Заманбек Нұрқаділовпен кездесулері межеленген. Сондай-ақ,10 шілдеде НАТО-ның бас хатшысы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында дәріс оқиды деп күтілуде.

Сапар аясында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер, "Бейбітшілік үшін ынтымақтастық" және "Ғылым-бейбітшілік игілігі үшін" бағдарламалары аясындағы НАТО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тақырыбы, осындай байланыстарды болашақта дамыту жолдары мен төтенше жағдайларды жоспарлау жөнінде талқыланбақ.

Орталық Азия аймағын аралау барысында Қазақстанға да атбасын тіреген Джордж Робертсонның НАТО-ның бас хатшысы ретінде Қазақстанға екінші келуі.

ҚР СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бұл сапар аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықққа тың серпін береді.
XS
SM
MD
LG