Accessibility links

Адам құқығы жөніндегі орталыққа жарты жылда 435 шағым-хат түскен

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ

Шілденің 9-ы күні Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтың 2002 жылдың соңы мен биылғы жылдың екінші тоқсанындағы жұмыс қортындылары шығарылды.

Аталған мекеменің бөлім меңгерушісі Талғат Берекетұлының сөзіне қарағанда, орталыққа түскен арыз-шағымдардың көбінде азаматтардың түрлі деңгейдегі сот шешімдеріне келіспейтіндігі айтылады. «Зейнетақы төлемдерінің өсуіне байланысты туындап жатқан түсініспеушіліктерге, жәрдемақымен қамтамасыз ету және коммунальдық қызмет көрсету саласында кездесетін заңсыздықтарға байланысты да шағымданушылар аз емес»,--дейді ол.

Жыл басынан бері Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталыққа 435 хат түскен. Оның 209-ы арыз. Талғат Берекетұлының айтуынша, арыз-шағымдар республика бойынша Астана мен Алматы қалаларынан көптеп түсуде.
XS
SM
MD
LG