Accessibility links

Оңтүстік Корея Солтүстік Корея өз ядролық бағдарламасын одан әрі дамытып жатыр деп алаңдауда.


Оңтүстік Корея барлау орындарының қолында бар мәліметке сай Солтүстік Корея өз ядролық бағдарламасын қарқынды күйде дамытып жатыр. Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау орталығының баяндамасында, Солтүстік Корея өзінде бар 8 мың уран таяқшаларын өзінің Енбондағы ядролық орталығында, ядролық қуатқа қажетті зат алғандығы айтылады. Бұған қоса атом бомбыларына керекті 70 жарылыс тудырушы тетіктер сынақтан өткізілген. Оңтүстік Корея президенті Но Му Хен таяуда Солтүстік Корея мемлекетін өзінің ядролық қаруға ие болу әрекетінен бас тартуға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG