Accessibility links

Ауған жетекшісі Хамит Қарзай телефон арқылы Пәкістандық әрiптесі Пәруәз Мүшәрәфтан кешірім сұрады.


Кешегі Кабулдегі бейбастықтар үшін Ауған жетекшісі Хамит Қарзай телефон арқылы Пәкістан президенті Пәруәз Мүшәрәфтан кешірім сұрады. Жүздеген ауғандықтар Кабул көшелерінде – "Пәкістан мен оның елбасы Мүшәрәфқа өлім", - деп ұрандатып, соңыра Пәкістан елшілігі ғимаратының терезелерін шақты. Бұл бейберекеттер Пәкістан әскери бөлімшелері Ауғаныстан жеріне келіп кірді деген қауесеттің таралуынан соң келіп шықты. Исламабад болса бұл мәлімдемені теріске шығаруда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG