Accessibility links

Ресейдің жаңалықтар агенттіктері бүгін таңертеңгісін Мәскеудің орталығында жарылыс болғаны жөнінде хабарлаған.


Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкері жарылғыш затты залалсыздандырмақшы болған кезде қаза тапқан. Белгісіз бір әйел арқасына асқан сумкадағы жарылғыш затты Мәскеудің орталығындағы "Тверская" мейрамаханасына алып өтпекші болған. Күмән туғызған әлгі әйелді мейрамхананың күзетшілері ұстап, полиция шақырған. Жарылғыш затты роботпен қарағаннан кейін барып, тетігінен ажыратпақшы болған қызметкер оған жақындаған сәтте бомба іске қосылып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG