Accessibility links

Анкара Түркия солдаттарының тұтқындалуының нақты себептерін анық білгісі келеді.


Кеше Түркияның президенті Ахмед Неждет Сезер өткен аптада солтүстік Ирақта Түркияның 11 солдатын АҚШ-ң тұтқындауының себептері жан-жақты түсіндірілуін күтеді деп айтқан. Арнайы күштер жасақтары жексенбі күні босатылған болатын. Түркия мен Американың әскери жетекшілері кеше Анкарада бірлескен тексерулер қорытындысын жария еткен. Аты аталмаған Американың лауазымды өкілінің айтуынша, бұл тұтқындаулар шекараға жақын маңайдағы Ирақ күрдтеріне қарсы ұйымдастырылған астыртын шараларды болдырмас үшін жасалды деген. Түркия мұндай болжамдарды жоққа шығарып, ешбір астыртын шараның ұйымдастырылмағандығын айтады. Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гұл АҚШ жағы шабуыл кезінде алынған кейбір құжаттарды қайтарды, бірақ кейбірі әлі олардың қолдарында деген.
XS
SM
MD
LG