Accessibility links

АҚШ Африкаға аскери көмек жасақтарын жіберетін болады.


АҚШ-ң қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд президент Буш Батысафрика мемлекеттері экономикалық қауымдастық мүшелері болып табылатын елдерге кішкентай командалар жіберу жөнінде бұйрық берді деп айтқан. Рамсфелд бірақ Американың қосымша күштері нақты қай елдерге жөнлетілетіні жөнінде айтпаған. Ал кешегі күні Мозамбикте БҰҰ-ң бас хатшысы Кофи Аннан Африканың басқа елдерінен алдырылған жасақтар ең соңында Либерияға жіберіледі деген ойды айтқан. - Мұндай жедел шақырту Батысафрикандық аймақтық ұйым Африка одағының толық қолдауымен қабылданды. Менің ойымша континенттің басқа аймақтарынан тартылған жасақтар Либерияны тыныштандырушы күштер қатарына қосылатын болады, - деген Кофи Аннан Бұрнағы күні президент Буш Либериядағы 14 жылға созылған соғысты тоқтатуға күш саламыз деп айтқан болатын. Американың әскери сарапшылар тобы жағдайды зерттеп, танысу үшін Либерияның астанасына келді.
XS
SM
MD
LG