Accessibility links

Вашингтон мен Лондон Ираққа соғыс ашудың себептерін тым үлғайтып, қолдан жасап алды ма деген сауалдың басы ашылмай тұр.


Осы орайда АҚШ президенті Оңтүстік Африкда жүрген сапарында өзінің Ираққа шабуыл жасау жөнінде дұрыс шешім қабылдағанына сенімді екеніне жане жаппай қырып-жою қаруының Ирақтан табылатынына күман келтірмейтінін айтқан. - Саддам Хусейіннің бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіргені жөніндегі менің пікірім ешқандай күмәнсіз. АҚШ –тың одақтастарымен бірге оны билік басынан кетіргендігі де өте дұрыс болғандығына күмән жоқ, - деген АҚШ президенті Ж.Буш. Лондонда оппозициялық консервативті партия жетекшісі Дұнкан Смитс Тони Блэр интернтеттен көшіріп алынған студенттік баяндаманың мәтініне сүйеніп, парламентті адастырды деген хабарламадан соң, премер-министр өкілдер палатасы алдында кешірім сұрасын деп талап етті.
XS
SM
MD
LG