Accessibility links

Британия үкіметі кеше өз алдарына тәуелсіз тексерулер жүргізіп, қуылған Саддам Хусейін жүйесінің Нигериядан уран сатып алмақшы болғанын анықтадық деп айтқан.


Британияның премер-министрі Тони Блэрдің өкілі Англияның бұл мәліметтері алдыңғы күні Ақ үйдің Ирақ соғысын ақтау үшін қаңтар айында уран жөнінде анықталмаған ақпарат қолданылды деп мойындағанынан бөлек деп атап көрсеткен. Америка халқына арнаған арнауында АҚШ президенті Британ үкіметінің келтірген деректері Ирақтың Африкадан уран алмақшы болғандығына дәлел болды дегенді. Бірақ мұнда Африканың қайсы елі екендігі атап көрсетілмеген. Ал кешегі хабарында Рейтер агенттігі Британияның аты аталмаған лауазымды адамына сілтеме жасай отырып, Британияның барлау қызметтері өздерінің ақпараттарын Американың қайдан алғанын білмейді дегенін берген. АҚШ-ң қорғаныс хатшысы Доналд Рамсфелд кеше Сенаттың қарулану істері жөніндегі комиссиясының алдында Америка Ираққа соғысты бұл деректер бойынша бастаған жоқ, 11 қыркүйектен кейінгі кезеңде Ирақтың қару бағдарламасы жалпы қауіп төндіріп, қатерлі болғандықтан мұндай қадамдарға барды деп айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG