Accessibility links

АҚШ-тың қолдауындағы Таяу шығысты бейбіт реттеу жоспарына қайта қауіп төнген тәрізді.


Палестиндік жауынгерлік "Хама" тобы егер Израил мыңдаған палестин тұтқындарын босатпайтын болса, мәмлгерлік келісімдер аяқталады деп ескерткен. Израилдың билік басылары түрмелердегі жүздеген адамдарды бостандыққа жібереміз, бірақ террорлық шабуылдар жасағандар босатылмайды деп айтқан. Израил премері Ариел Шаронның өкілі Раанан Гиссин Палестин жағы террорлық инфрақұрылымды жою үшін көп шараларды жүзеге асыруы керек деп айтқан. - Егер біз Палестин тұтқындарын еркіндікке жіберетін болсақ, олар террорды қолдайтын ортада болмаулары қажет. Бұл Палестин билік басылар террорды ауыздықтау үшін бірқатар нақты шаралар қабылдаған ортада болғаны керек. Топтарды қарусыздандырып, террорлық инфрақұрылымдар жойылғанда ғана тұтқынна босағандар қауіпті террорлық ортаға қайта тап болмайды, - деген Раанан Гиссин. Алайда Хама тобының діни жетекшісі Шейх Ахмед Яссин түрмедегі жолдастары босамаса, жауынгерлер келісімдерді бұзуы мүмкін деп ескерткен. Бұған қоса, палестиндік куәлердің айтуынша Израйл солдаттары Батыс жағалаудағы еврей елді мекенінің сыртында ойнап жүрген үш палестиндік баланы кеше ұстаған.
XS
SM
MD
LG