Accessibility links

АҚШ Марсқа адам орнына робот жібермек

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

АҚШ қызыл планета – Марсқа зерттеулер жүргізу үшін адам орнына екі робот жіберуді жоспарлап отыр.

Режиссер Стәнли Кубриктің 1968-жылы шығарған "2001-жыл. Ғарышқа сапар" деген фильминде жаңа мыңжылдықтың басында Жер шары тұрғындарының Айға барып келіп тұратындығы жөнінде әңгімеленеді.

Хейвуд Флойд есімді ғалым ғарыш бекетінен тұрып бейне телефонмен Жердегі үйіне хабарласып, қызымен сөйлеседі.

Қызы, " Әке, ертеңгі менің туылған күніме келесіз бе? Әкесі, " Кешір жарығым, бара алмаспын. Қызы, " Неге, әке ?" Әкесі, "Білесің ғой мен сапарда жүрмін. Кешір мені. Дегенмен мен саған сыйлық жіберемін", делінеді ол фильмде.

Рас осыдан 35 жыл бұрын шыққан ол фильмдегі болашаққа арналған көріністер сенімді суреттелгенімен қазіргі өмір шындығына онша сәйкес келе бермейді. Өткен ақпан айында Колумбия шаттлында болған апатта жеті американдық астронавт қаза тапқаннан кейін ғарышқа ұшу бағдарламасы бір қатар өзгеріске ұшырады.

Оған дейін Аполлон бағдарламасымен ғарыш сапарына дайындық кезінде үш астронавт мерт болған еді. Дегенмен Аполлонмен ғарышқа астронавтар 11 рет сапар шекті.

Ол кездегі АҚШ президенті Джон Кеннедидің арман-мақсаты орындалып, американдық ғарышкерлер Айға алты рет барып қайтты.

Ал, 1972-жылдан бастап АҚШ Ұлттық аэронавтика және Ғарыш әкімшілігі – НАСА шаттлмен ұшу бағдарламасына назар аудара бастады. Шаттлдар орбитаға зымырандар және өзге де қондырғыларды апарып, ғарышта жөндеу жұмыстарын жүргізуге пайдаланыла бастады.

Шаттлдың ең үлкен жұмысы - ғарыш стансасына Хаббл телескопын апарып, орнатып, жөндеу шараларын ойдағыдай жүргізуі еді. Бірақ қазір Айға да , Марсқа да адам жіберу жоспарланып отырған жоқ. НАСА Марсқа екі робот аппараттын жібермекші . Сондай-ақ, Европа ғарыш агенттігінің де сондай бір жоспары бар.

Ал енді, АҚШтың соңғы отыз жылдағы бағдарламасының бір шама саябырсуына не себепші болды ? Бір кездері, астронавттарды айтпағанда, жоғарыдағы фильде көрсетілгеніндей, ғарышқа қарапайым азаматтар да сапар шегетін болады делінген еді.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, ғарыш бағдарламасының сәтсіздіктеріне себепші алдымен – ақша, қаржы сыяқты.

Қорғаныс Ақпараты орталығының президент орынбасары Тереза Хиченстің пікрінше, ондай сәтсіздікке АҚШ-тық саяси жетекшілердің "ақша саясаты" кінәлі.

Хиченстің айтуынша, НАСАға тиісті ақша АҚШ армиясына жұмсалуда.

"Вол Стриттегі қаржы орталығындағы саясаткерлер қазір сайлаушы, дауыс берушілер үшін қызмет етіп отыр, Тек қана қорғаныс саласындағы жағдай өзгеше", дейді орталық бастығының орынбасары.

Хиченстің айтуынша, ғарыш зерттеулеріне жіті назар аудармау бұл көрсоқырлық болмақ. Оның пікірінше, бір кездері жердегі қалыпты тіршілік өмір үшін біз Ай, Марс сықылды планеталардан медет іздеп қалуымыз да мүмкін екен.

"Ғарыштық зерттеулер керек. Себебі жер шарындағы адам саны барған сайын көбейе түсуде. Табиғат, қоршаған орта бүлінуде, кен байлықтары сарқылуда. Сондықтан адамзат алдында шешілуі тиіс бір қатар мәселелер пайда болды", дейді Тереза Хиченс.

Джорж Вашингтон университетіндегі Ғарыштық саясат институтының директоры Джон Логсдонның пікірінше, режиссер Кубриктің 1968-жылғы фильмінде көрсетілген ғарыштық уақиғалармен америка азаматтары және үкіметі келісе береді деу ақиқатқа сай келмейді.

"60-жылдардағы ондай фильмдердегі арман, ой фантазиясы деңгейіндегі дүниелер. Біз Айға Совет одағымен бұл саладағы бәсекелестік тартыс үшін ғана астронавттар ұшырдық. Ондай зерттеулермен 30-35 жыл бұрын бір топ адам ғана беріле қызыққан еді", дейді институт директоры.

Логсдон Аполлонның ол кездегі ұшу бағдарламаларын Айға жету жолындағы уақтынша шаралар қатарында бағалайды.

" Ғарыштық сапарлардың Апполоннан кейінгі саябырсу кезеңі бұл саяси шешімнің нәтижесі", дейді директор.

Логстонның айтуынша, мысалы қатардағы азаматтардың ғарышқа, Айға, тіптен Марсқа сапар шегу бойынша тілек-армандарын орындау - әрине ұлы нәрсе. Бірақ, ондай сапар кімге болса да өте қымбатқа түсуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG