Accessibility links

АҚШ бастаған коалициялық басшылық Ирақ жетекшілігімен әкімшілік билігін бөліспек


АҚШ жетекшілігіндегі коалициялық басшылық Ирақ үкіметімен шектеулі әкімшілік билігін бөлісу жоспарын іске асырмақ.

АҚШ жетекшілігіндегі коалициялық уақтынша әкімшілік Ирақты басқару шараларында қатысатын бірінші Кеңесті құрмақ, деп бастайды өз хабарын тілшіміз Чарльз Рекнагел.

АҚШ-тың Ирақтағы әкімшілік бастығы Пол Бремер АҚШ ұсынысымен тағайындалатын 25-30 кісілік Ирақ кеңесі жөнінде келіссөздерді бастап жіберді. Ол Кеңесте Ирақтағы түрлі топтардан өкілдер болмақ.

Бремердің айтуынша, Кеңес текқана саяси шараларда ғана қатысып қалмай, кейбір атқарушылық билігіне де ие болмақ, дейді ресмилер.

Сенімді бұлақтарға қарағанда, Пол Бремер жаңа Кеңестің тұсауын осы айда, тіптен үстіміздегі аптада кесуі мүмкін.

"The New York Times" газетінің жазғанындай, коалициялық әкімшілік қазірдің өзінде болашақ Кеңеске Бағдат орталығындағы Әскери өнеркәсіп министрлігінің бұрыңғы үйін беріп отыр екен.

Кеңестің болашақ мүшелері "бізге Бремер, бұл органға айтарлықтай билік күші беріледі, дегеннен соң келмекшіміз", депті.

Ирақтың бұрыңғы Сыртқы істер министрі Аднан Пачачидің Рейтер тілшісіне айтқанындай, "Кеңес министрлерді тағайындап, валюта, білім, экономика және өзге де бір қатар сала бойынша заң қағидаларын шығаруға құқығы болады".

Кеңестің басшылық қызметінен үміткер Пачачи "Гардиан" газетіне " Кеңес сайлау жөніндегі және саяси партияларға қатысты заңдарды да қабылдайтын болады. Сондай-ақ, Кеңес төрағасы шетелдік елшілерді, жоғары деңгейлі ресми басшыларды қабылдап, шетелдегі жиындарға Ирақ атынан қатыса алатын құқыққа ие.

Пол Бремердің айтуынша, кез келген даулы мәселені ол Кеңес мүшелерімен талқылап шешуге құқылы екен. Бірақ әзірше, бір неше жыл деп болжам айтылғанымен, Ирақ Кеңесінің өкілеттік қызмет мерзімі анық емес.

Ал Вашингтонның бет алысына қарағанда, АҚШ-тың түбегейлі жоспары - Ирақты барынша демократиялық мемлекетке айналдыру.

Көптеген ирақтық жетекшілер осы кезге дейін "Кеңесті Ұлттық жиын арқылы сайлау керек", деп келгенімен АҚШ-тық әкім Бремер ол ұсынысты қабылдамай "бұл органды құруға АҚШ тікелей басшылық етеді", деп шешті. "Азат Ирақ" радиосы тілшісі Сами Шорештің айтуынша, Ирақтағы басым көпшілік Шииттер қауымдастығынан Кеңеске өкілеттік мәселесін шешу қиындау болып тұрған сықылды.

"Егер қаласа американдықтар сүннилерден өкіл таба алады. Себебі олар соңғы 80 жыл бойы Ирақ елін басқарды. Күрдтер жетекшісі Жалал Талибани мен Масуд Барзани мұрасаға келіп әкімшіліктерін біріктірмек. Негізгі мәселе шииттерде қалып отыр", дейді тілшіміз.

Шииттердің белгілі партиясы - Ислам қарсылығы жоғарығы кеңесінің жетекшісі Аятолла Мухаммад Бақр ал-Хаким кезінде Ирақты Ислам мемлекеті етуге шақырып келген болса, енді демократиялық жүйемен қызметтес болуға көніп отырғандай.

Шия партиясы Техранның қаржылай демеушілігі арқасында шетелде жүріп-ақ Саддам Хұсейнге қарсы қарулы операциялар жүргізіп келген. Сами Шорештің айтуынша, Ирақтағы шииттер дінбасы Аятолла Әли Систани "діндарлар саясатқа араласпауы керек", дегенімен Вашингтонның бұл салада кейбір жетістіктері де бар көрінеді.

"Қазір Әли Систани мен Бақр ал-Хаким арасында шамалы байланыс, өзара ынтымақтастық бар. АҚШқа да керегі осы. Себебі ол екеудің шииттер арасындағы беделі үлкен. Систани діни билікке, ал-Хаким саяси және әскери билікке ие. Өзара жақсы байланыс арқасында екі тараф шииттердің мүддесін жоғары деңгейде қорғай алуы мүмкін еді", дейді Сами Шореш.

Шииттер қауымдастығы Ирақ халқының 60 пайызын құрайды. Сондықтан Кеңесте алғаш рет шииттер өкілеттігі басым болуы ықтимал.

Болашақ Кеңеске сондай-ақ, жеті негізгі саяси партиядан өкілдер мүшелікке қабылданады. "The New York Times" гәзетінің ресми адамдардың айтқанына сүйеніп жазғанындай, Кеңеске, арасында 3 – 4 әйел кісі де бар, өзге де шағын партиялардан, тәуелсіз ұйымдардан 20 мүше қосылуы мүмкін екен.
XS
SM
MD
LG