Accessibility links

Қазақстанның ғалымдары арзан әрі сапалы интернетке жетті

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақстанның ғалымдары мен ғылыммен шұғылданған шәкірттері арзан әрі сапалы интернетке қол жеткізуге мүмкіндік алды

10-ші шілде күні Алматыда Ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының жиыны өтті. Онда қауымдастық мүшелері , Қазақстандағы білім-ғылым саласындағы мамандар тегін әрі сапалы интернетке қол жеткізуге мүмкіндік алды, дегенді жариялады. Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайданушылар қауымдастығының жетекшісі Борис Жапаровтың айтуынша, мүндай мүмкіндікті олар НАТО арқылы алып отыр.

Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайданушылар қауымдастығының жетекшісі Борис Жапаров: - Бүгін Қазақ Ұлттық техникалық университетінде жер серігі стансасы іске қосылды, яғни бүгіннен бастап Қазақстанның ғылым-білім беру саласындағы оқу орындары, ғылыми-зерттеу инститтары Еуразия жер –серігі көмегі мен интернетке мүмкіндік алды.Бұл жоба НАТО-ның ғылыми комитетінің «Виртуалды Жібек Жолы» жобасы негізінде іске асты.

Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының басқарма жетекшісі Рахман Алшановтың пайымдауынша, іске асқан жоба арқылы мамандар мен студенттердің назарын мемлекеттік тілге айдаруға болады.

Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының басқарма жетекшісі Рахман Алшанов: - Біз ойлаймыз, электронды оқулықтар мемлекеттік тілде жазылуы керек. Бұл бағытта айтарлықтай жұмыс атқардық, қазақ тілінде талай кітап жазылды. Кейбір топтарда қазақша оқитын балалар өте аз, осы балалардың мүлдем кітаптары жоқ,осыған байланысты электронды оқулықтарды, жоғарыда айтылған жобаны пайдаланатын болса, онда олардың мүмкіндіктері артады.

Солтүстік Атлантикалық әскери одақ «Виртуалды Жібек Жолы» атты жобаны бұрыңғы Кеңес одағына мүше болған 8 мемлекетте іске асыруды қолға алған. Болашақта бұл жоба негізінде бірыңғай компьютерлік желі болады, деп жоспарланып отыр. Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының жетекшісі Борис Жапаровтың айтуынша, бұл жоба республиканың білім саласына айтарлықтай мүмкіндік береді.

«Виртуалды Жібек жолы» жобасы арқылы қазақстандық ғалымдар мен ғылым-білім берумен шұғылданатын азаматтар 2005 жылға дейін арзан әрі сапалы интернетке мүмкіндік алады.

«Виртуалды Жібек Жолы» жобасын іске асырушылар, бүгінгі шараны Солтүстік Атлантикалық әскери одақтың бас хатшысы Джордж Робертсонның Қазақстанда жүріп жатқан сапары аясында ұйымдастырғанын айтты. 10-ші шілде күні Джордж Робертсон Қазақстанның білім-ғылым саласының жетекші мамандарымен кездесті.
XS
SM
MD
LG