Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Вашиңтонның Африка елдеріне сапарын жалғастырып жүр.


Америка президенті Джордж Буш Вашингтонның СПИД-пен күресу науқанының аясында Африка елдеріне сапарын одан әрі жалғастырып жүр. Бүгін Буш Ботсванаға сапарын бастады, бұл елде 1 миллион 700 мың адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. АҚШ үкіметті бес жылдық СПИД-пен күреске 15 миллиард доллардың қаржысын жұмсамақ ниетте. Ақшаның басым бөлігі Африка елдеріне арналған.

АҚШ Сенаты президент Джордж Буштың жасанды түсік тастауды қолдаушы қайрымдылық ұйымдарына көмек беруші ұйымдарға көмек көрсетпеу туралы шешімінің күшін жойды. Буштың қарсыластарының пікірінше, оның отбасы көлемін жоспарлау бойынша ұйымдарға шектеу қою шешімі халық тығыз қоныстанған елдерде жасырын түрде түсік тастаулар тудырады деуде. Ал Буштың жақтастарының пікірінше американдық салық төлеушілердің қаржылары шет елдерде аборт жасауларға рәсуәланбауы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG