Accessibility links

“Хамас” қарулы тобы Израиль басшыларына ескерту жасады.


Егер Израиль абақтыларында отырған барлық палестиндіктерді босатпаса онда тұрақтылық сақтау бойынша келісімді бұзатындығын айтып "Хамас" қарулы тобы ескерту жасады. Израиль ресми өкілдері тек террорлық қастандықтарға қатысы жоқ тұтқындар бостандыққа шыға алады деуде. Кеше Израйль бас министрі Ариэль Шаронның өкілі Палестинa автономиясының басшылығынан белсенді түрде "террорлық инфрақұрылымдарды" таратуды ұсынды. Сәрсенбі күні Йеруссалимде жасаған мәлімдемесінде Раанан Гисин былай деді:

" Біз тұтқындарды бостандыққа шығарған кезде, ол терроршылдықты қолдамайтын орта болуы тиіс. Бұл ортада Палестина өкіметті терроршылдықты ауыздықтау бойынша кейбір қадамдар жасап, террорлық инфрақұрылымды талқандап, террорлық топтарды қарусыздандырар болса, сонда ғана қамауда отырғандар қайтадан терроршыл ортаға түспеген болар еді."

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG