Accessibility links

АҚШ президенті Ж.Буш Ирақта әлі де болса қауіпсіздіктің толық орнығып болмағанын мойындап, осындағы АҚШ жасақтарын қатаң болуға шақырды.


Ол бұл сөздерді кеше екі американ солдаты шабуылдарға тап болған соң айтқан. Ирақтағы америка күштерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Рикардо Санчез мұндағы АҚШ жасақтары Ирақта толықтай қауіпсіздік орнатылып, қамтамасыз етілгенше қалатын болады деген. - Біз мұнда қажет болғанынша боламыз, Ирақ азаматтары елдің қауіпсіздігін толық сезініп, елдің тұрақтылығы жолында өздері қамқорлық жасағанға дейін боламыз, бұл жүзеге асқан сатте біз де кетеміз деп атап көрсеткен, - ол.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG