Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл батыс Африканың барлық ұлттары Либериядағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған Американың күш-жігерімен тізе қосып, бірлесе қимылдауы керек деп айтқан.


Бес күндік Африка сапарында президентпен бірге жүрген ол, әзірге бұл бағытта нақты қадамдар жасалған жоқ, өйткені батыс Африкаға барған американдық әскери сарапшылардан қорытынды хабар күтілуде деген. -Әзірге президент мұндағы тұрақтылықты қолдауға, болмаса нақты қанша әскер жіберу қажеттігі жөнінде шешімдер қабылдай қойған жоқ, дегенмен де біздер осы сапар Монровияда аяқталғанша, батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығымен бірге жұмыс істеп жатқан сарапшылар тобынан бір хабар аламыз деп ойлаймын, сонымен апта аяғына дейін президенттің нақты шешім қабылдайтындай мүмкіндігі болады, - деп атап көрсеткен ол. Соғыстан қалжыраған Либерияда тұрақтылықты қолдауға көмектесуге батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы 3 мың адамдық әскер кіргізуді ұсынған. Оның алдында ғана Либерия президенті Чарлз Тейлор Африканың бейбіт мақсат күштері Либерияға кірген сәтте елден шығып кететіні жөнінде мәлімдеген болатын. Ол Американың бейбітшілік жолындағы бастамасына қолдау көрсетемін деген.
XS
SM
MD
LG