Accessibility links

АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл президент Буш уран жөніндегі ақпараттың анық болмағандығына байланысты кешірім сұрауға тиісті емес деген.


Буштың Африка елдеріндегі сапарында бірге жүрген Колин Пауелл Преторияда сөйлеген сөзінде президент пен оның көмекшілері тарапынан Америка халқын алдап, адастыруға бағытталған күш-жігер болған жоқ деп айтқан. АҚ үй аптаның бас кезінде Америка президентінің Ирақ Африкадан уран алмақшы болды деген қаңтардағы мәлімдеулері тексерілмеген ақпараттарға негізделгенін мойындаған болатын. Алайда Пауелл өзінің кешегі сөзінде АҚШ президенті ол кезде бұл мәселе туралы дәл уақытында, ақылға сиятын мәлімдеулер жасады деп атап көрсеткен. Бұрнағы күні Ж.Буш өзінің Ираққа соғыс ашу жөніндегі шешімін қорғап, Ирақта жаппай қырып-жою қаруы қайткенде де табылатын болады дегенді. Ирақ басшысы Саддам Хусейінге қарсы соғыс қимылдарын ақтап алу үшін, анықталмаған жалған ақпараттар пайдаланылды деген мәселе Англия мен Австралияда қызу талқыланып, пікірталасқа ұласуда.
XS
SM
MD
LG