Accessibility links

Палестин мен Израилдың қауіпсіздік қызметінің жетекшілері кеше кешке қарай кездескен.


Израил телеарнасы Израилдың қорғаныс министрі Шаул Мофаз бен Палестиннің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Мохамед Дахланның кездесу үшін Газа секторына келген сәттерін көрсеткен. Кейінірек Израил радиосы олардың пікір алысулар екі сағатқа созылды деп хабарлаған. Палестин басшылығында бұл мәселе бойынша дағдарыстың жалғасуына қарамастан, тұтқындағыларды босату және тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында екі жағы да өз ойларын ортаға салған. Палестин жағы 7 мыңдай адамның түремден босатылуын талап етуде, ал Израил тарабы болса, тек жүздеген адамды ғана босататындығын мәлімдеп отыр. Кеше Израилдың сыртқы істер министрі Набил Шаатс Пекиндегі саспарында Палестиннің премер-министрі Махмуд Аббас тұтқындағыларды азат ету мәселесінде Палестин басшылығымен бір ортақ мамлеге келе алмауда, дегенмен де дағдарыс артта қалып бара жатқан сықылды деп айтқан. Сейсенбі күні Махмуд Аббас Ясер Арафаттың Фатах қозғалысының атқару комитетінен өзінің отставкаға кетуін сұраған. Фатах бұл ұсынысты кейін шегерген болатын, бірақ та кеше қозғалыс Аббастың саясатына кеңейтілген бақылау жасау қажет болады деп айтқан.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG