Accessibility links

Бүгін НАТО одағының бас хатшысы Джорж Робертсон Бішкекте Қырғыз президенті Асқар Ақаевпен кездесіп, келіссөздер өткізуде.


Бұл келіссөздер арқауы - одақтың Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасына мүшесі Қырғызстан мен НАТО одағының тығыз қарым-қатынасының жолдары болмақ. Итар- Тасс агенттігінің хабарлауынша олар Қырғызстанның аймақтық қауіпсіздіктегі ролі және Орталық Азия мемлекеттерінің бұл тұрғыдағы бір-бірімен ынтымақтастығы мәселелерін де талқылайтын болады. Итар-Тасс сондай-ақ, Робертсон Қырғыздың қорғаныс министрі Есен Топоевпен кездесіп, қырғыз офицерлерінің НАТО-ға мүше елдердегі оқытылуы мүмкіндіктерін де қарастыратын болады деп хабарлайды. Бұрнағы күні Джорж Робертсон Қазақстанда Орта Азия республикаларының халықаралық террормен күрестегі одақпен жақын қатынастары жөнінде атап өткен болатын. - Орталық Азия елдері мен НАТО одағының елдерінде жалғыз-ақ ортақ мақсат, міндет бар, міне бұл жаңа қауіпсіздік шаралары ісінде Қазақстан алда келеді, - деп атап өткен болатын одақтың бас хатшысы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелесуден соң, Робертсон енді одақтың күн тәртібіндегі маңызды бір бөлік- Орталық Азия болатындығын көрсетеді деген. Орталық Азия елдері АҚШ-ң Ауғанстанда бастаған науқанына қолдау көрсетіп, ауе кеңістіктері мен әскери базаларын берген болатын. Өзбекстан мен Қырғызстан болса, Америка аскерлеріне қазірге дейін өз жерлерінде қонақжайлылық танытуда.
XS
SM
MD
LG