Accessibility links

Шешен әйелдерін жанпидалық қадамдарға не итермелеп отыр?

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Мәскеудегі рок концерт кезінде екі шешен әйелі бомбалық жарылыстарды жүзеге асырды. Оның кесірінен тағы 16 адамның өмірі үзіліп отыр.

Шешен жапидашылары негізінен әйелдер болып келеді. Мұндай қадамдар естіген адамның жанын тітіркендірердей-, дейді мақала авторы. Өткен демалыс күндері Мәскеудегі ашық аспан астында болған концерт барысында екі шешен әйелінің бомбалық жарылыс жасауы жұртшылықты тағы да ойландырып тастады.

Оның бірі - 20 жасар Залихан Елихаджиева. Шешенстандағы Курчалой ауылының тұрғыны Залихан беліндегі бомбаның жарылып кетуінен қаза болып, айналасындағыларды тек жаралап үлгерген еді. Ал, екінші шабуылшы болса, өзімен қоса 13 адамның өмірін ала кеткен. Кейінірек ауруханада тағы бір адам қаза болған екен. Екі шабуылшыны есептегенде сол бір концерт кезінде-ақ 16 адам көз жұмған екен.

Бұл-шешен әйелдерінің алғашқы шабуылы емес. Өткен жылы Мәскеу театырын, адамдарымен қоса аманатқа алған шешен жауынгерлері тірлігі де әлемді дүр сілкіндірген болатын. Биылғы жылдың мамыр айының өзінде тағы екі шешен әйелі жанпидашылық қадамға барған. Оның бірі кезінде 50-ден аса адамдар қаза болды. Өткен айда, орыс әскерлері мінген автобуста шешен әйел бомба жарып, кем дегенде 18 адам қаза болған еді.

Мемориал атты Ресейдің адам хұқықтарын қорғау ұйымының өкілі Либкан Базаева былай дейді. “Біріншіден, бұл-Ислам шарттарына қарсы. Сондай-ақ мұндай қадамдар- Кавказ әйелдері табиғатына да жат. Олар негізінен отбасының берекесін сақтаушы, бала тәрбиесімен айналысып, шаңырақты ұстап тұрушы ретінде есептелетін. Ол- қоғамдағы барлық тіршілік атаулының сақтаушысындай қабылданатын еді. Ес білгелі менің ұққаным, өзін-өзі өлтіру деген кешірілмес күна. Құдай ісіне қарсылық деп ұғынылушы еді-, дейді Базаева ханым.

Оның пікірінше, Ресейдің төрт жылға созылған Шешенстандағы қанды қол соғысы осындай қадамдарға шешен әйелдерін итермелеп отыр. Дойтш пресс ақпарат агенттігі Ресей әскери өкілдерінің сөзін келтіре отырып, бір ғана алты ай ішінде олардың қолынан бір мың 800-дей шешен жауынгерлерінің қаза болғандығын хабарлап отыр.

Орыс әскерилері Шешенстан жерінде неше түрлі жан қинаулар жүргізіп, жазықсыз адамдарды өлтіргені үшін тұрақты түрде айыпталып келеді. Саяси талдаушылардың пікірінше, жанпидалық әрекеттерге барып жатқан әйелдердің ашынғандығы сонша, олардың аянар, жоғалтар түгінің қалмағаны түсінікті де. Британияда орналасқан Соғыс және Бейбітшілік институтының талдаушысы Томас де Уалдың пікірінше, Шәміл Басаев сияқты адамдар әйелдерді осындай іске жұмсайтын сыңайлы. Себебі, ерлермен салыстырғанда, әйелдер орыс қалаларына еркін еніп кете алады,- дейді ол.

Орыс әскеріне қарсы соғысқан шешен әйелдері өткен ғасырларда да болған. Мысалы, Таймашка Молова атты шешен әйелі дала қолбасшысы ретінде бірнеше онжылдықтар бойы орыс патшасына қарсы күрескен. 1842-ші жылы қапыда қолға түскен Таймашканы патша Николай 1-шінің өзі, оның батыр мінезіне риза болып, бостандыққа жіберген екен. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасып, осы соңғы шешен соғыстары кезінде де бірнеше әйел балалар ерлермен бір сапта орыс әскерлеріне қарсы күресіп келеді.

Соңғы аптадағы концерт барысында қаза болғандарға көңіл айту барысында, Ресей ел басы Путин шешен екстремистерінен Ресей еш уақытта кейін шегінбейді-, дей келіп,- терроршылар тығылған жертөлелері мен үңгірлерінен қуылып, толық қиратылуы тиіс-, деп мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG