Accessibility links

ЕЫХҰ төрағасының Қазақстанға сапары

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

ЕЫХҰ төрағасының сапары барысында Алматыдағы орталығында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуіне орай РХП атқару комитеті жетекшісінің пікірі

Таяуда Алматыда болған сапарында ЕЫХҰ төрағасы Яаап де Хооп мырза үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескен болатын. Осыған орай РХП атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосанов жұма күні өз пікірін білдірді.

- ОБСЕ төрағасы Нидерланды елшілігі арқылы барлық ақпаратты алып отырмыз, Қазақстандағы барлық жағдайға қанықпыз деді. Қазір ЕЫХҰ туралы материалдар ішінде Қазақстанда болашақта экономикалық үлкен саяси реформалар болатыны туралы Назарбаев мәлімдеді деген сөздер бар. Сондықтан Қазақстан басшылығы батысты алдау үшін жартыкеш реформаларға барады деген сөз расталып отыр, - дейді ол.

Сондай-ақ, Әміржан Қосанов Сайлау туралы жарияланған заң жобасы ЕЫХҰ стандарттарына сай келмейді, деген пікірін білдірді:

- Біз бұл заң жобасынан Қазақстанда әділ сайлау болатын, президент әкімшілігіне, үкіметке,әкімдерге тәуелсіз болатын сайлау жүйесін көріп отырған жоқпыз, - дейді.

Оның айтуынша, дәл осы заң жобасының негізінде Қазақстанда демократиялық сайлау процесі байқалмайды.
XS
SM
MD
LG