Accessibility links

Cайлау туралы заң жобасы талқылана бастады

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Қазақстанда Сайлау туралы заң жобасына орай оның баптарын талдау басталды.

Бейсенбі күні Алматыда жергілікті сайлау комиссиялары мүшелерінің семинар-кеңесі өтті. Онда жаңа сайлау учаскелері мүшелерінің мәртебесі, құқығы мен міндеттер және оларды қорғау шаралары нақтылана түсуі тиіс деген ұсыныс жасалды.

Осы мәселеге орай Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі қауымдастығының президенті Дос Көшім жұма күні былай деді:

- Мұнда ерекше көңіл бөлетін мәселе, әр жерде осындай талқылаулар өткенде әркім өзінің мәселесін көбірек айтады. Осындай талқылауға сол сайлауға тікелей қатысы бар адамдардың қатысуы өте дұрыс. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваның еркін демократиялық талдауға қатысуы бізді тәуелсіз бақылаушылар есебінде қуантады. Өкінішке орай осы талқылауға тәуелсіз бақылаушылар тарапынан ешкім шақырылған жоқ,- деді.

Алдағы уақытта осындай ашық талдаулар Қазақстанның барлық аймақтарында жүруі тиіс. Сол арқылы Дос Көшімнің айтуынша, осы сайлапу туралы заңның көңілден шықпайтын тұстарын біраз өзгертуге мүмкіндік туады.

Сайлау комитетінің мүшелері сайлау науқанын өткізу барысында әділетсіздікке жол бермеуді заңдық негізде реттеу туралы мәселе көтерді. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, сайлау науқаны барысында бір кандидаттың екіншісін қаралағаны, оның атына кір келтіретін материалдар мен деректерді жеке пайдасына қолданғаны үшін жүктелетін жаза нақты көрсетілуі тиістігі әңгіме болды.

Заң жобасында көрсетілгеніндей, аумақтық, округтік сайлау комиссияларын саяси партиялар, жоғары дәрежелі сайлау комиссиялары, жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару мекемелері мен азаматтардың ұсыныстарына сәйкес тиісті мәслихаттар бес жыл мерзім жұмыс істейді. Сайлау комиссиясына әрбір саяси партиядан бір-бір өкілден сайлану мүмкіндігі беріледі.

Жобада әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін құқық бұзушылық әрекеттердің тізімі айқындалды. Заң жобасында дауыс беру тәртібі нақтылана түскен. Округтік комиссия дауыс санау мерзімін 12 сағатқа сыйғызуы тиіс. Дауыс беру қорытындысы мәслихат сайлауларында 5-7, ал мәжіліс сайлауында он күн ішінде жариялануы тиіс.
XS
SM
MD
LG