Accessibility links

Оппозицияға жасалып жатқан шешуші шабуыл


Бірінші шілде күні Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов пен атқару комитетінің мүшесі Ермұрат Бапи журналистермен кездесіп,оппозиция төңірегіндегі соңғы оқиға жөнінде баяндап берді.

Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов: - Қазіргі таңда Қазақстанда оппозицияны қудалап, табанды күрескерлерін жоққа шығырып,немесе түрмеге жауып , немесе олар туралы қоғамда түрлі пікір қалыптастырудың түрлі әдісі бар. Оған біздің билік басындағылар машықтанып алды.

Қазақстаның Республикалық халық партиясы атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов пен оның серктесі,әрі «СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бапидің мүндай мәлімдеме жасауына бірнеше себеп болған. Оның біріншісін Ермұрат Бапи былай деп әңгімеледі.

«СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бапи: - Мені, «СолДат» газетінің жетекшісі ретінде Страсбург қаласына Еуропарламенттің тыңдауына шақырған болатын. Алматы қаржы полициясы жүргізіп жатқан тергеуге байланысты, маған қаладан шығуға болмайды, деген қаулы қабылдаған болатын. Еуропарламенттің тыңдауына бару үшін, қаржы полициясына өтініш жаздым. «Мені 10 күнге босатындар,шығуға рұхсат беріңдер», деп. Қандай себеп –салдар екенін білмеймін, бірақ маған кеше қаладан шығуға болмайды, деген қаулы ұстатты. Мен, қоғамыма әлеуметтік тұрғыдан алғанда қауіпті адам емеспін, бірақ мен саяси тұрғыда қауіптімін, саяси тұрғыда еліме емес, еліміздегі режимге қауіпті адаммын. Сол себептен, мені Еуропарламенттің тыңдауына жібермей қойды.Оның екінші себебі, Қазақстанның сыртқы істер министрлігіңің хабарлауынша, Еуропарламенттің отырысына менің ісімді тергеп жатқан қаржы полициясының жетекшісі Болатбек Булғақбаев барады екен. Ол барған кезде, менің даусым оның даусын басып кетуі мүмкін, себебі мен жақта әділет бар, шындық бар. Осы тұрғыда мені жібермеді, деп ойлаймын, бірақ тергеу жүріп жатыр. Шамасы, олардың мақсаты, істердің барлағына мені жауапты ету болып табылады. Сол себептен мен әділетті сотқа, тергеуге сенбеймін. «СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бапиге қаржы полициясы салық төлеуден жалтарды, деген айып таққан болатын. Енді осындай айыпты ресми түрде маған да тағуы мүмкін, деді Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов.

Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов: - Ермұрат Бапи мен маған (Әміржан Қосанов) байланысты қылмыстық істердің қарқындап кетуі, олардың қазіргі мына Болатбек Булғақбаев басқарып отырған қаржы полицияның тым жылдам қимылдауы, барлық қағаздарды, шешімдерді, тергеулік іс-шараларды жеделдетуінің үш себебі бар. Бірінші себебі, Қазақстандағы Нұрсұлтан Назарбаев басқарған саяси режимнің мына жағдайының нашарлап кеткені. Тек ішкі емес сыртқы факторлардың көбейіп кеткендігінен, ол қазір табанды күрескерлерге, оппозиционерлерге қысым көрсетіп отыр.Егер, режим күшті болса, өзінің болашағына сенімді болса, режим өзінің саяси беделі бар екеніне сенетін болса, онда оппозицияға басқаша көз-қараспен қарайтын еді.

Екінші себеп, үшінші шілде күні Страсбург қаласында Еуропарламенттің тиісті комитетінде өтетін мәжілісі.Үшіншіден, мен ойлаймын, біздің(Әміржан Қосанов, Ермұрат Бапи) Әкежан Қажигелдиннің қанаттас серіктесі болуғанымыз, яғни біз өз пікірімізді, өз ойымызды табанды түрде білдіріп келе жатқанымыз себеп болып отыр.

Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропарламенттің Қазақстан бойынша отырысына Ермұрат Бапи бармағаны мен, бұл отырысқа Әміржан Қосановтың пайымдауынша, шетелде жүрген Қазақстан оппозиционерлері қатысты.Ал,Ермұрат Бапи өз кезегінде қолынан келгенше, шетелдік құқыққорғау ұйымдарынан көмек сұрай беретінін айтты.

«СолДат» газетінің бұрыңғы жетекшісі Ермұрат Бапи: - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасын игеруге шамасы келмегенде шетелден инвестиция сұрайтыны белгілі, сол сияқты бізде шетеледен саяси қолдау сұрап жатырмыз, сұрай береміз де, бұл тұралы жаза береміз.

Қазақстан оппозиционерлерінің соңғы мәлімдемесіне байланысты, Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаевтың пікірін білуге тырыстық, алайда Ертісбаев мырза «Азаттық» радиосының тілшілеріне 10 минуттан кейін телефондаумызды өтінді. 10 минут өткеннен кейін қайта телефондағанымызда, сымсыз телефонына жауап бермеуге тырысты.
XS
SM
MD
LG