Accessibility links

Қазақстанның геосаясаты жөніндегі ой-толғау

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақстанның геосаясаты жөнінде көптеген саясаткерлер мен сарапшылар, және үкіметтік емес ұйым өкілдері әңгіме қозғайды.

«Азаттық» радиосының «Қазақстан халықтары» атты апталық бағдарламасының бүгінгі санында, біз Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, саясаткер Хахраман Қожамбердінің геосаясат жөніндегі ой-толғауын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, саясаткер Хахраман Қожамберді: - Бізге, Қазақстанға қауіпті Каспий теңізінің мәселесі төндіруі мүмкін. Дәлірек айтқанда, мұнай мәселесі. Қазір бұл Каспийда үлкен мемлекеттердің мүддесі бар, мысалы Америка, Иран, Ресей, Қытай. Осы мемлекеттер өз мүдделерін іске асыру үшін, әр-түрлі жолдар мен Қазақстанның тәуелсіздігін шектейтін келісімге әкелетін түрі де бар. Осы мәселеде біздің үкімет жетекшілері халықтың мүддесіне жақын, Қазақстанның тәуелсіздігіне кедергі келтірмейтін саясат жүргізуі керек.

Гүлмира Хамзa: Хахраман Қожамбердінің пікірінше, Қазақстаның тәуелсіздігіне қауіп төндіретін тағы бір мәселе бар, ол діни экстемизм.

Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, саясаткер Хахраман Қожамберді: - Бұл жерде бізде бір сауал туындайды. Қалай біз 70 жыл бойы Кеңес Одағына мүше болып, күрделі атеисттік тәрбиеде болған мемлекет азаматтары дінге назар аудара бастадық, діни қоғамдар қалай саясатқа араласа бастап,жоғарыға көтерілді ? Оның өзіндік себебі бар. Мынау 1990-шы жылдары Өзбекстанда,Тәжікстанда Коммунистік партияның бірінші хатшылары болған азаматтар, мысалы Ислам Кәрімов өз үкіметін және Өзбекстанның егемендігін құрғанда, бірнеше күшке таянған.Біріншіден, құқыққорғау күштері деуге болады, оның ішінде барлығы бар,Ислам Кәрімовтың қолдау тапқан екінші күштің бірі- Өзбекстанның діни күштері болды.Орталық Азия мемлекеттермен салыстырғанда, Өзбекстанда Кеңес Одағы заманында да, дін күшті болған. Ал, 1990 жылдардың ортасына келгенде бұл дін саяси күшке айналды, үкіметке кесірін тигізе бастады.Ислам Кәрімов өз үкіметін құрғаннан кейін, сол діни күштермен күресе бастады, оларды жазалай бастады.

Тәжікстанда болса, үкіметтегі үлкен лауазымды азаматтар президенттің орнына таласты,нәтижесінде рушылдық күрес болды.Бұл күрес, діннің араласуымен орын алды. Нәтижесінде, бақылаушылардың айтуынша,50 мыңнан астам адам қайтыс болып, 100 мыңнан астам адам босқын болып, Ауғанстанға кеткен.

Ал, Қазақстанға, яғни осы мемлекеттегі дін мәселесіне келер болсақ, қазақ халқы номадтардың жарқын өкілі, деп айтуға болады. Олар ислам дінін «Тәңір» философиясы негізінде қабылдаған, олардың ортасында тарихта танымал Қожа Ахмет Яссауи мен оның суфизмі тұр. Осының салдарынан қазақ халқында ислам өте толирантты түрде қалыптасты, сонымен қатар ислам Қазақстанда терең сінген жоқ.

Гүлмира Хамзa: Қалай болғанымен, саясаткердің пікірінше, Қазақстан діни эксремизмнен сақтануы керек.

Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, саясаткер Хахраман Қожамберді: - Қазіргі кезде, мысалы Өзбекстан Ислам қозғалысы бар, оның мақсаты Ислам мемлекетін құру, немесе Ислам халифатын құру. Ал, халифат дегеніміз орта ғасырларда болған, сонда бізді 21 ғасырдан 14-15 ғасырға қайта апаруды көздеп отыр.Сол себептен менің айтып отырғаным,бүгінгі таңда Қазақстанға, Орта Азияға мемлекеттеріне төніп отырған бірнеше қауіп бар, солардың бірі діни экстремизм.Бұл діни экстремизммен не істеу керек? Қазір біз естиміз «Хазбут-тахрир» діни қозғалыстың өкілдері Түркістан, Шымкент, Таразда қалаларында, кейбір уақыттары Алматыдағы ұлттық университеттерде парақшаларын таратты. «Хизбут-тахрир» діни қауымы 1950 жылдары Иордания мемлекетінде пайда болған.

Не себептен жастар бұл ұйымға барады, жастар оларды тыңдайды,десек, олардың насихаттары өте жоғары екен. Оны шетелдіктер тарқатып жүрген жоқ, оны өзіміздің азаматтарымыз насихаттап жүр. Бұл насихат орта білімнен өзге жоғары білімі жоқ азаматтарға арналған. Бір қарағанда парақшаларында жақсы дүниелер жазылған сияқты, бірақ олардың мақсаты- күннен күнге күшейіп келе жатқан мемлекеттігі саясатты өзгертіп, басқа діни мемлекетке қайтып келуді насихаттау, бұл өте қауіпті мәселе.

Енді сондай «Хизбут-тахрир» сияқты қозғалыстармен күресті өте абай жүргізу керек. Түркістан қаласында бір «Хизбут-тахрир» қозғалыс мүшелерінің бірін абақтыға алып, оны ұрып соңынан ол өліп қалды. Мен ойлаймын, осы оқиға қайталанбауы керек, себебі олар күшейіп кетеді.

Гүлмира Хамзa: 2001 жылдың 11 қырқұйегінде Америкада орын алған оқиғадан кейін көптеген бақылаушылар, діни экстремизм мен діни терроризмнің шығу себептерін кедейшілік мәселесі мен байланыстырды. Сонымен қатар сарапшылар, Орталық Азия мемлекеттердегі діни қозғалыстардың белсенділігін Орталық Азиядағы, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдеріндегі саяси жағдаймен байланыстырды. Дәлірек айтқанда, бұл елдердегі адам құқығының аяқ асты етілуі, баспасөз бостандығының жоқтығы, сыбайласқан-жемқорлықтың гүлденуі, демократия қағидаларының сақталмауы себеп болған. Соңғы жылдары Қазақстандағы саяси жағдай күрт нашарлап кеткеніне байланысты сарапшылар, Қазақстанды өзге Орталық Азия мемлекеттері мен салыстыра бастады. Сол себептен, мамандардың пікірінше, діни экстремизм мәселесі Қазақстанға да келуі мүмкін, деген ой білдіре бастады. Алайда бұл пікірмен саясаткер Хахраман Қожамберді келісіп отырған жоқ.

Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, саясаткер Хахраман Қожамберді: - Бізде әзірге ондай жоқ. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілік қасиеті бар, халық оған сенеді, оны өткен сайлаулар мен референдумдардың нәтижесі көрсетіп отыр. Өкінішке орай, бізде сыбайласқан-жемқарлық бар, оны жасыруға болмайды. Бірақ соңғы бір жылдың ішінде орын алған оқиғаларды ескерсек, біраз жақсы әрекеттер іске асты. Мысалы, Президенттің тапсырмасы бойынша, Демократия мен азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жөнінде тұрақты кеңес құрылды. Бұл отырыста оппозициялық партия, сонымен қатар билік партиясының өкілдері біріп арнайы ұсыныс жасайды, бұл ұсыныстар парламентте қарастырылып, үкіметтің назарына ұсынылады.Үстіміздегі жылдың екі жартысынан бастап, мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын мамандардың, яғни мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысы көтерілді. Сонымен қатар, бізде көп партиялы саясат бар, ондай көп партиялы саясат Өзбекстанда жоқ.

Гүлмира Хамзa: Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығы жетекшісінің бұл көз-қарасымен келіспейтін азаматтар жоқ емес.Ондай азаматтардың біріне ұйғыр қауымдастығының тағы бір мүшесі , жазушы Рабик Ысмаиловты жатқызуға болады.Жазушы Өзбекстан мен Қырғызстанда болған оқиға Қазақстанда да қайталануы мүмкін деген ойда. Оның себебін жазушы былай түсіндіреді.

Рабик Ысмайлов,жазушы: - Егер біздің үкімет жетекшілері, жергілікті билік басшылары,әкімдер осы мәселе жөнінде ойланбаса, бұл бізде де қайталануы мүмкін. Себебі біздің қағамда да үкіметке, үкіметтің саясатына наразы адамдар көп,бізде де кедейлар көп. Діни экстремизмді көздегендер тұрмысы төмен, кедей адамдардың арасына барады, солардың арасынан өз қолдаушыларын іздейді.Егерде біздің үкімет тиісті шараларды қолға алмаса, діни экстремизмнің дамуы мүмкін.

Гүлмира Хамзa: Кез-келген мемлекеттің оның ішінде Еуразия кеңістігінде орны ерекше Қазақстанның геосаясатын көптеген мамандар талқылаған, болашақта да талқылай береді, тек уақыт өтісімен ғана бұл болжаулар қаншалықты іске асқаны анық болады.
XS
SM
MD
LG