Accessibility links

Мегна өзенінде суға батып кеткен паромдағыларды құтқару ісі жалғасуда.


Бүгін Бангладеште құтқарушылар Мегна өзеніндегі жүргіншілер паромының апатқа ұшырауы салдарынан өлген тағы үш адамның денесін тапты. Барлық құрбан болғандардан 16-адамның ғана денесі табылды. 200-дейі құтқарылып, 500-дей адам із-түзсіз жоғалып отыр. Паром өткен сейсенбіде суға батып кеткен болатын. Онда қажетті жағдайдан екі есе көп 750 адам болған. Бангладеште осындай су кемелерінің тәртіп бұзуларынан жыл сайын жүздеген адам қаза болып келеді.
XS
SM
MD
LG